Қазақстанда электрондық үкіметті 5 млн-нан артық адам пайдаланады - ИДМ

12 Сәуір, 2016 12:06
Қазақстанда электрондық үкіметті 5 млн-нан артық адам пайдаланады , деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Инвестициялар мен даму вице-министрі Сәкен Сарсенов.

Сарсенов өз сөзінде Қазақстанда 10 жыл ішінде электрондық үкіметтің нормативтік-құқықтық базасы, сәулеті мен инфрақұрылымы құрылғанын атап өтті. Барлық қажетті базалық компоненттер құрылды, оның ішінде деректер қорлары, мемлекеттік және ведомствоаралық шлюз.

«Қызметтердің электрондық формада қолжетімді болуы азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңбаны тегін беруге байланысты болды. Бүгін Қазақстанда 10 млн. астам ЭЦҚ берілді, олардың 4,5 млн. жуығы азаматтардың жеке куәліктеріне жазылған» - деп ҚР ИДМ вице-министрі толықтырды.

eGov порталын 5 млн. артық адам немесе Қазақстанның экономикалық белсенді халқының жартысынан көбі пайдаланады, оларға 240 электрондық қызмет пен сервис қолжетімді. Барлық кезең бойынша электрондық үкімет инфрақұрылымы арқылы 130 млн. жуық қызмет көрсетілді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар