- Басты
- Жаңалықтар
- Астана маңындағы әскери бөлімде лаңкестікке қарсы операция өткізілуде (ФОТО)
Астана маңындағы әскери бөлімде лаңкестікке қарсы операция өткізілуде (ФОТО)
«Бұл оқу-жаттығудың ерекшелігі бригада бөлімшелерінің лаңкестікке қарсы операциялардың тапсырмалардың орындауы, арнайы әскери іс-қимылдарды ұйымдастыруы болмақ. Әскери қызметшілер іс жүзінде өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың басқару органдарымен, аумақтық әскерлермен жедел және тактикалық деңгейде өзара іс-қимылды пысықтайды», - делінген хабарламада.
Төмен қарқындылықтағы қарулы жанжалдарда Қарулы Күштерді қолданудың халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау мен жетілдіруге ерекше көңіл аударылды. Еліміздегі оқу-жаттығудың ниеті бойынша әлеуметтік-саяси жағдай шиеленіскен. Бірқатар елді мекендерде апаттық митингілер өткізілуде. Мұның барлығы дүкендердің жаппай ойрандалуы мен әкімшілік ғимараттар мен көліктің өртенуіне ұласуда.
Бұның бәрі лаңкестікке қарсы операцияның жүргізілуі мен арнайы әскери іс-қимылдардың ұйымдастырылуына себепкер болуда. Аңыз бойынша елдің жолы қиын аудандарында атыс қаруымен, қол гранатаатқыштары, тасымалданатын минаатқыштармен жарақталған 100-150 адамнан құралған жауынгерлік жасақтар жасақталады. Топтамалардың бірі ірі елді мекеннің жеке ғимаратында орналасты. Оқу-жаттығуға қатысушылардың міндеті – ауданды қоршауға алу, заңсыз қаруланған құралымның топтамасын бұғаттау және қырып-жою болып табылады. Оқу-жаттығуды өткізу кезінде лаңкестікке қарсы операцияны жүргізу үлгілері мен тәсілдерін дамытудың негізгі үрдісі ескерілетін болады.
Ол блок-бекеттердегі бөлімшелердің оқшаулау-бұғаттау іс-қимылдары, маңызды мемлекеттік нысандарды күзету мен қорғау және бандқұралымдардың топтамаларын жою. Оқу-жаттығуға Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының, 68665 әскери бөлімінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері, Астана қаласының Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ұлттық ұланы тартылатынын айта кетейік. Оқу-жаттығуға барлығы 1000-нан аса жеке құрам және 200-ден астам бірлік әскери техника қатысады.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі