- Басты
- Жаңалықтар
- А.Красников: Қазақстан өзінің жеке ғарыштық саласына ие
А.Красников: Қазақстан өзінің жеке ғарыштық саласына ие
«2016 жылдың 12 сәуірінде біз ғарышқа адам баласының алғаш ұшқанына 55 жыл толуын атап өтеміз. Ресейде бұл күн кеңінен аталып өтіледі. Федералды агенттіктің мұрагері болып есептелетін «Роскосмос» мемлекеттік кәсіпорыны Мәскеуде және басқа да аймақтарда көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Онда Кеңес елдері сондай деңгейге қалай көтерілгені жөнінде жастарға түсіндіріліп, аға буын сол бір кезді еске алады. Ғарышқа алғаш адам баласының ұшуына қандай дайындықтар жасалғаны, оның алдында қандай оқиғалар болғаны сөзсіз біздің ел үшін өте маңызды әрі айрықша күн. Біз қазір өзіміздің ғарыш саласының бас органы ауысуына байланысты қайта құрылымдау үстіндеміз. Қазір бұл «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы болады. Бұл реформа біздің қызметімізді белсендіріп, үлкен жетістіктерге жетуімізге, біздің ғарыш кемелеріміз бен ракета тасығыштарымыздың сенмділігін арттырып, сондай-ақ, ғарыш саласындағы бизнестің алға жылжуына зор мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Биыл Шығыс ғарыш айлағынан алғашқы ұшырылым жасалатынына үміттеніп отырмыз. Ол 27-ші сәуірге жоспарланған. Мемлекеттік комиссия сондай шешім қабылдаған болатын. Ұшырылым штаттық негізде жүреді деп үміттенеміз. Ракета тасығыштың орбитаға ғарыш аппараттарын жеткізу де болсын, біздің ынтымақтастығымызға қатысты айтарым, бұл жыл сайын нығайып тек жақсы жағынан ғана дамып келеді. Өйткені Қазақстан үшін де, Ресей үшін де басқа балама жоқ. Бұл әрине, Қазақстан аумағында орасан зор нысан «Байқоңыр» сияқты ғарыш айлағының тұруына байланысты. Еліміздің мемлекет басшысы мен басқа да бастықтар ғарыш саласын Қазақстанда дамыту туралы шешім қабылдады. Әрине, ғарыш айлағының Қазақстан территориясында болғаны біз үшін тиімді. Соның арқасында Қазақстан өз ғарыштық саласына ие болып отыр деуге болады. Біз Қазақстанда екі жер серік топтамасы бар екенін жақсы білеміз. Оның біреуі телекоммуникацияға арналған, екіншісі – жерді қашықтықтан зондтауға бағытталған. Менің білуімше, қазақстандық серіктестер осымен тоқтап қалмайтын сияқты. Жер серік топтамаларының аясын кеңейтіп, жаңарту жоспарларында бар. Бұл әрине, ғарыштық саланың елдегі халық шаруашылығын дамытуға қомақты үлес қосуы керек. Сөз жоқ, Қазақстан үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұған ресейлік ракета-ғарыштық өндіріс саласының мамандары да атсалысты, деп айтар едім. Мүмкін сіздердің порталдарыңыз «Қазсат» жер серігі арқылы жұмыс істейтін шығар? Бұл жер серіктері ресейлік кәсіпорындарда дайындалды, екіншіден, олар орбитаға ресейлік ракета тасығышпен жеткізілді. Бұл да өзара ұтымды ынтымақтастықтың ең жарқын мысалы. Әрине, басқа да мысалдар жеткілікті. Біз қазақстандық және ресейлік тараптың ынтымақтастығы дамығанана мүдделі екенімізді түсінеміз. Өйткені, ол өзара тиімді. Тағы бір мысал - «ЭВАК» жүйесі. Ол жол көлік оқиғасы болған кезде автоматты түрде жол-көліктік қызметін шақыруды қамтамасыз етеді. Менің түсінуімше ол үш жылға есптелген. Ол ресейлік және белоруссиялық жүйемен біріктіріледі. Осылайша, құтқару қызметінің жұмысы жақсарып, олардың жұмысының тиімділігі артады. Сөзсіз, біздің елдердің ғарыш саласындағы ынтымақтастығы баламасыз. «Байқоңыр» ғарыш айлағы – екі елдің өзара тиімді шешім қабылдауының үлгісі. Әрине, әр елдің өз мүддесі болады. Қазақстан Республикасының өз мүддесі бар. Ресей Федерациясының да сөзссіз өз мүддесі бар. Мүдделер бірде, тоғысады, бірде сәйкес келмеуі мүмкін. Екі ел басшылары Владимира Владимировича Путин мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси еркіндігінің арқасында олардың ғарыш саласына қатысты кездесулері сәтті аяқталады»,- деп атап өтті А.Красников.
Оның айтуынша, өткен жылдың күзіндегі Айдын Айымбетовтың Жер орбитасына ұшуы – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының жарқын үлгісі.
«Мысалы, Айдын Айымбетовтың ғарыш станциясына ұшуы. Бұл туралы алдыңғы жылдары көп айтылды. Ұшыру мәселесін тек Ресей жағы шеше алмайды. Өйткені ресейлік ғарыш станциясын тек РФ ғана емес көптеген елдер пайдаланады. Олардың қатарында АҚШ, Еуропа ғарыш агенттігі, Жапон ғарыш агенттігі бар. Ғарыш станциясына бару кестесіне бір жыл бұрын қол қойылады. Өз ғарышкеріңді қандай да бір жолдармен қыстырып жіберу оңай емес. Сара Брайманның ұшқысы келмей қалғаны жақсы болды. Оның орынына Айдын Айымбетовтың ғарыш сатнциясына баруына мүмкіндік туа қалды. Сөзсіз, бұл біздің өзара әрекеттесуіміздің жарқын үлгісі. Жұлдызды қаладағы дайындық үлкен болды. Дайындықты ғарышкерлерді дайындау орталығының қызметкерлері жүргізді. Олар қазақстандық ғарышкерді қатарға қосып жіберу үшін барынша жылдам дайындады. Біздің қызметкерлер Байқоңырда қазақстандық ғарышкерге жедел әрі тиянақты түрде көмектесті. Соңынан жерге оралғанда да өздері күтіп алды. Бұл біздің қаншалықты жақын екеніміздің, бұл салада қаншалықты ынтымақтас екеніміздің көрсеткіші. Екі жақ тарап та бұл ынтымақтастықтың өзара тиімділігін толық түсінулері керек. Бұл қазақстандық және ресейлік тарапқа да тиімді. Бізде бәрі тамаша болады, деп ойлаймын. Сонымен қатар, ресейлік тарап қазақстандық тараптың сұрауына әрқашан үлкен ыждаһаттықпен қарайтынын айта кеткім келеді. Біздің ынтымақтастығымыздың аясы кеңейе түседі. Қазақстандық мамандар техникалық операцияларды көбірек жасау үшін оқып жатыр. Біздің ынтымақтастығымыздың болашағы зор. Барлық қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Сонымен қатар, барлық ресейліктер мен барша ғаламшар тұрғындарын да құттықтаймын!», - деп қорытындылады сөзін Роскосмостың өкілі.
Данияр Қасымов
Видео Азамата Алиева
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»