- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Алматы және облыс әкімдері қосымша құрылымдық бөлімше құруға құқылы – Ғ.Әбдірахымов
Астана мен Алматы және облыс әкімдері қосымша құрылымдық бөлімше құруға құқылы – Ғ.Әбдірахымов
«Үкімет тарапынан әкімдіктердің базалық құрылымы нақтыланды. Нәтижесінде Астана мен Алматы және облыс әкімдеріне өңірдің ерекшеліктеріне сай қосымша құрылымдық бөлімше құруға құқығы берілді», - деді Ғабидолла Әбдірахымов.
Сонымен қатар, Әбдірахымов мемлекеттік басқару деңгейлеріндегі құзыретті анықтау мәселесін де қозғады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясына» сай, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында орталық және жергілікті атқару органдардың уәкілеттіктерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті мемлекеттік органдар ауыл әкімдіктері аппаратын жинақтау үшін қосымша құзырет, құрылым мен қаржы және 540 штаттық санға қол жеткізді. Ауылдық әкімдіктерге қосымша 67 міндеттеме берілді», - деді Әбдірахымов.
Оның айтуынша, ауылдық әкімдіктерге телінген қызметтер әлеуметтік, әкімшілік және коммуналдық шараларға қатысты.
Сонымен қатар, ауыл әкімдеріне мүлікті жалға бергеннен түскен пайдадан бастап ерікті жинау, түрлі алымдар және заңға қайшы келмейтін сыртқы жарнама мен өзге де қызметтерден түсетін өз кірістерін құру уәкілеттілігі берілді.
Аталмыш кірістер ауылдық әкімдіктердің арнайы есебінде жиналады. Өзін өзі басқарудың жаңа тәртіп бойынша жиналған қаражатты ауыл тұрғындарымен жиналыстан кейін қабылданған шешім бойынша белгілі бір іске жұмсайды.
Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік міндеттерін орындау мақсатында ауыл әкімдеріне аудандық бюджеттен қаражат бөлінеді.
Бұдан бөлек, 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке салықтық базаның өсіміне әкімдердің қызығушылығын тудыру үшін жергілікті дәрежеде шағын кәсіпкерліктен түскен салықтың бір бөлігін әкімдіктерге беру мәселесін қарау туралы тапсырма берген болатын, сонымен қатар мемлекеттік басқару деңгейлерінің құзіреттерін анықтауды тапсырған.
Сонымен, Жергілікті мемлекеттік органдар қосымша уәкілеттіктерге, құрылымдар мен қаражатқа және ауылдық әкімдіктердің аппаратын жинақтау үшін 5420 штатқа қол жеткізді. Сонымен әкімдіктерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қорғауды бақылау комитеті еңбек инспекциясының, БҒМ балалардың құқын қорғау комитеті аймақтық бөлімшемсінің, автомобиль жолдары комитетінің аймақтық бөлімшесі, Дін істері агенттігінің аймақтық бөлімшесінің қызметі мен штаттық саны берілді.
Осыған орай, әкімдіктерге медициналық қызметтерді лицензиялау, жолаушылар тасымалы, оралман атағын алу және өзге де салалардың қызметі берілді.
Айта кету керек, Астана мен Алматы және облыс әкімдіктеріне өңірдің ерекшеліктеріне байланысты әкімдіктердің қосымша құрылымдық бөлімшелерін құру құқы берілді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер