- Басты
- Жаңалықтар
- Ресей Алматыда өтетін Универсиадаға 300-ге жуық өкілін жібереді (ФОТО)
Ресей Алматыда өтетін Универсиадаға 300-ге жуық өкілін жібереді (ФОТО)
Жиналыста EUSA Бас хатшысы Матьяж Печовник еуропалық мемлекеттердің қатысуы жайлы және 2017 жылғы Универсиаданың мол мұрасы жайлы сөз қозғады.
"2017 жылы Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиадаға көптеген еуропалық мемлекеттер қатысатындықтарына қуаныштымын. Универсиадаға қатысу жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе. Универсиаданың спорттық нысандары жарыс аяқталған соң барлық Алматы тұрғындарына, 2017 жылғы Универсиаданың мұрасы ретінде қолданысқа берілетіндігіне куаныштымын. Өзім де, қысқы Универсиаданың басталуын асыға күтіп жүрмін", - деді Матьяж Печовник.
Жиналыс барысында шет елдің студенттер спорты федерация өкілдері Алматы қаласында өтетін Универсиада жайлы өз ойларын жеткізді.
Британ университеттері мен колледждеріндегі спорттық одақтың халықаралық бағдарламалары бөлімінің жетекшісі Нил Роджерс спортшылардың дайындығы жайлы айтты."Ұлыбритания делегациясы 80-ге жуық спортшыдан тұрады. Біздің спортшылар хоккей (ерлер және әйелдер арасында), керлинг (ерлер және әйелдер), тау-шаңғы спорты, шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл және мәнерлеп сырғанаудан жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз. Алдағы жарысты асыға және Алматыға келуді тағатсыздана күтудеміз", - деді Нил Роджерс.
Германияның Ұлттық студенттер спорты федерациясының басшысы Феликс Арнольд жарысқа ең жас құрамды жіберетіндіктерін жеткізді.
"Біздің құрама 30-40 спортшыдан тұруы мүмкін. Әрине, біз ең мықты құрамды жібергіміз келеді. Бірақ біз ең жас құрамды жіберуге шешім қабылдадық. Осылайшы жас спортшыларымызды алдағы уақытта болатын үлкен додаларға дайындағымыз келеді. Дәл қазіргі уақытта біздің спортшылар үздік нәтиже көрсету үшін дайындық жасауда. Келесі жылы Алматыға келуді тағатсыздана күтіп жүрміз", - деді ол.
Уганда бірінші рет қысқы Универсиадаға қатысады.
Африканың студенттер спорты Федерациясының өкілі Алигавеса Кабенге жарысқа қатысудың маңыздылығы жайлы айтты. "Алматыдағы Универсиадаға қатысатындығымызға біз өте қуаныштымыз. Бұл Универсиада біз үшін ерекше. Себебі, Уганда бірінші рет қысқы Универсиадаға қатыспақ. Біздің кейбір студенттер шет елде оқып, қысқы спорт түрлерімен айналысқан. Енді олар осындай үлкен додаға қатысып, Уганданың абыройын қорғауларына болады", - деді ол.
Қытайдың студенттер спорты федерациясы директорының орынбасары Шэнь Чжэннің ақпараты бойынша, қытай өз тарихындағы ең мықты құрамды жібереді. "Өздеріңіз білетіндей, Азия мемлекеттері FISU шешімдерінде үлкен рөл атқарады. Алматыдағы Азия ойындарының өткендігіне қарап, біз бұл қаланың Универсиаданы да жоғары деңгейде өткізетіндіктеріне сенімдіміз. Қысқы Универсиада тарихында Қытай осы жолы өзінің ең мықты құрамын жібереді. Менің білуімше, Алматыда керемет спорт нысандары мен Атлеттер қалашығының құрылысы жүруде. Қытай делегациясы 150 спортшыдан және ресми өкілдерден құралады", - деп айтып өтті ҚХР студенттер спорты федерация өкілі.
Жиналыс барысында, Грузияның студенттер спорты федерациясының өкілі Александре Гугава өз елінің спортшыларының дайындығы жайлы: "Дәл қазір алдағы жарысқа қызу дайындық үстіндеміз. Біз ски кросс, сноуборд кросс, слоупстайл және тау-шаңғы спортының барлығына қатысамыз. 2017 жылы Универсиада Алматы қаласында өтетіндігіне қатты қуаныштымыз".
Украинаның физикалық білім мен спорт комитетінің басшысы Михайло Мельник дәл қазіргі уақытта спортшылар алдағы жарысқа дайындалып жатқандығын жеткізді. "Украина делегациясы 70-80 спортшыдан құралады. Алдағы ойындарға қызу дайындық жүргізудеміз. Біз биатлоннан, шаңғы қоссайысы және мәнерлеп сырғанаудан медаль аламыз деген сенімдеміз. Біз Қазақстанның қонақжайлылығын білеміз, Алматыға келуді асыға күтудеміз", - деді ол.
Ал, Ресейдің студенттер спорты одағының атқарушы директоры Дмитрий Киселев, Алматыдағы жарысқа 300 адамнан тұратын делегацияның келетіндігін айтты. Ол 2017 жылғы қысқы Универсиада жас спортшыларды жарыс үстінде байқап, болашақта Олимпиада құрамасын жасақтауға өз көмегін тигізетінін айтады. «Бұл ең үлкен ұлттық құрама болмақ. Ресей ертеден Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысуға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Біз үнемі әлемдік деңгейде онша дамымаған қысқы спорт түрлеріне алдағы уақытта тәжірибе жинақтау үшін қатысамыз.Ресей құрамасы максималды құраммен қатысуға тырысады. Осы жолы да Алматыға толық құраммен келуге үміттіміз. Бізден, 300-ге жуық өкіл келеді. Қазақстан - біздің ертеден бергі серіктесіміз, сондықтан, алдағы Универсиадаға қатысу біздерге міндет. Осы Универсиада арқылы, болашақта Олимпиада ойындарында сайысқа түсетін құрамамызды жасақтап алуға тырысамыз", - деп өз сөзін аяқтады Дмитрий Киселев.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ