• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатор Кунс Обама әкімшілігінің Қазақстанмен ядролық таратпау саласындағы серіктестікті қайта растағанын қолдайды

Сенатор Кунс Обама әкімшілігінің Қазақстанмен ядролық таратпау саласындағы серіктестікті қайта растағанын қолдайды

12 Сәуір, 2016 11:14
АҚШ Сенатының сыртқы байланыстар комитетінің мүшесі, сенатор Крис Кунс (Делавэр штаты, демократ) АҚШ Президенті Барак Обама және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік саммиті шеңберінде бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлады ҚР СІМ.

«Төртінші Ядролық қауіпсіздік саммиті шеңберінде Бірлескен мәлімдемені қабылдау арқылы бүгін Президент Обама әкімшілігі Қазақстанның таратпау ісіне АҚШ міндеттемелерін қайта растағанына қанағаттанамын. Ғасыр ширегі бойы ҚазақстанАтом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігімен (МАГАТЭ) ынтымақтасудың үлгісі болып табылады. Ол, сонымен қатар ядролық қаруды қысқартуға ұмтылатын өзге елдер үшін де үлгі болды», - деп айтты сенатор Кунс.

«1991 жылғы Кеңес ядролық қауіпті қысқарту актісін жүзеге асыруда бірігіп жұмыс істеген Сэм Нанн (Джорджия штаты, демократ)және Ричард Лугар (Индиана штаты, республикандық) сенаторларының атымен аталған Нанн-Лугар бағдарламасының биыл 25-жылдығы атап өтіледі. Нанн-Лугар бағдарламасының арқасында Қазақстаннан мыңнан астам ядролық қондырғылар шығарылып, жүздеген жер асты радио белсенді объектілердің қауіптілігі жойылды. Нанн-Лугар бағдарламасының сәтті аяқталуы Сенаттың АҚШ таратпау саясатының жүзеге асырылуындағы және сыртқы саясаттағы белсенді рөлін растайды».

«Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт хаттамасын ратификациялап, ядролық қаруды өндірмеу, сатып алмау, сынамау немесе иемденбеу міндеттемелерін мойнына алды. Ол, сонымен қатар, ядролық қару сынақтарына жол бермейтінЯдролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ратификациялады. Бұған қоса, Қазақстан МАГАТЭ ұйымымен бірлесіп, Өскеменде, ҚР төмен байытылған уран банкін құрды. Аталған банк уранды байыту жолдарын іздеу қажеттілігін жойып, МАГАТЭ мүше-мемлекеттерінің ядролық отынды өңдіру, зерттеу, өңдеу және бейбіт жолда пайдалану құқықтарымен үндес келеді».  

«Қазақстанның таратпау саладағы жетістіктері жоғары бағалануы тиіс және халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі болуға тырысатын ядролық державалар үшін үлгі болуы керек. Мен Президент Обаманың Қазақстанның таратпау ісіне көрсетіп жатқан қолдауын толық құптаймын және Сенатты Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт хаттамасын және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартын ратификациялауға шақырамын. Мен, сонымен қатар, Конгрессті МАГАТЭ-нің тұрақты әрі ұақ мерзімді қаржыландырылуын қамтамасыз етуге және МАГАТЭ орналасқан Венадағы БҰҰ бөлімшесіне АҚШ Елшісі ретінде Лора Холгейт кандидатурасын бекітуге шақырамын. Бұл шаралар таратпаудың жаһанды тәртібіне өз үлесін қосып, тұрақты әрі қауіпсіз әлемге нық қадам болар еді».

 

Барлық жаңалықтар