• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысының т/ж станциясында жүктер мен вагондар тұтастығын бақылайтын 11 автожүйе енгізілді

Павлодар облысының т/ж станциясында жүктер мен вагондар тұтастығын бақылайтын 11 автожүйе енгізілді

12 Сәуір, 2016 10:21
Жылдаң басынан бастап Павлодар облысының темір жол станцияларында қозғалыс барысында жүктер мен вагондар тұтастығын бақылау бойынша 11 автожүйе енгізілді, деп ҚТЖ компаниясы хабарлайды.

Арнайы аспалы жабдықтары бар темір бетонды арка вагондардың түгендеу санын анықтау үшін және коммерциялық қарауға әзірленген. Осылайша, төрт бейнекамера өтіп бара жатқан вагонды полиэкран режімінде төрт ракурстан көрсетіп тұрады. Бұл коммерциялық жұмыскерлерге жүктеменің сапасын тексеруге көмектеседі, сонымен қатар вагонның жағдайын қарауға септігін тигізеді.

«Бұл жұмыстың қауіпсіздігін жақсартады: жұмыскерлерді қауіпті зонадан шығару. Коммерциялық ақауды шығару, жабық вагондар, цистерн, жартывагондардың зақымдануы, автоматты режімде бақылау жүргізу»,-деді Павлодар бөлімшесі жолының АБЖ басқарма басшысы Евгений Ткаченко.

Айта кетейік, аталмыш бақылау жүйесі Жанаауыл, Екібастұз, Тобыл, Железорудный станцияларында жұмыс істейді. 

Барлық жаңалықтар