- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда келісімшарт бойынша әскери қызметшілер аттестаттаудан өтті (ФОТО)
Талдықорғанда келісімшарт бойынша әскери қызметшілер аттестаттаудан өтті (ФОТО)
18404 әскери бөлімінің базасында әскери қызметшілер оқ ату машығы бойынша жаттықты. 100 метр қашықтықта АК-74 автоматынан нысанаға оқ атудан шеберліктерін паш етті. Жеке құрамның жоспарлы атыстарының негізгі міндеттері жауынгерлік дағдыны жетілдіру және теория жүзінде алған білімдерін практикада қолдану болды.
Әскери қызметшілер барлық іс-қимылдарды пысықтап, жақсы нәтижелер көрсетті. Әйел әскери қызметшілер де алғашқы далалық оқ атулардан өткенін айта кеткен жөн. Олар үшін бұл тың тәжірибе және нағыз әскери қызметтің қыр-сырын меңгерудің алғашқы мүмкіндігі.
Олар Калашников автоматын жинау, бөлшектеу және тазалауды өздігінен орындауда, оқ атуда практикалық тәжірибе жинақтады. Олардың барлығы практикалық тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Аттестаттау үш жылда бір рет әскери қызметшілердің қызметіне, олардың кәсіби және іскерлік қасиеттеріне жан-жақты және дәйекті баға беру мақсатында өткізіледі. Оқ ату кезінде жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы жоғары шеберліктері мен кәсіби дағдыларын көрсетті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі