• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлт жоспары: СҚО-да шетелдік инвесторлардың қатысуымен 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Ұлт жоспары: СҚО-да шетелдік инвесторлардың қатысуымен 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

12 Сәуір, 2016 09:46
55-ші қадам аясында СҚО-да неміс, итальян, қытай, фин және ресейлік компаниялардың қатысуымен 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев Ұлт жоспары «100 нақты қадам» 3-ші бағытын жүзеге асыруға арналған аппарат мәжілісінде.

Оның айтуынша, астық пен майлы дақылдарды өңдеу зауытының құрылысы, көлік-логистика орталығының құрылысы, тауарлы балық фермасы, тұрғын үй салуға қажетті қалқан-қаңқалы панель материалдарын шығаратын және басқа да еуропалық стандартқа сай келетін құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс ошақтары салынатын болады.

Сонымен қатар, оның сөзінше туристік сала бойынша да бірқатар жобалар да жоспарланған.

Әкім орынбасары сонымен қатар, Ұлт жоспарының 62-ші қадамы аясында осы жылдың наурызында «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасының екінші кезеңіне қатысатын үміткерлердің тапсырыстары қабылданып жатқанын атап өтті. 

Барлық жаңалықтар