- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 2016 жылы Ақтөбе облысында 5 мыңнан астам шара өткізіледі
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 2016 жылы Ақтөбе облысында 5 мыңнан астам шара өткізіледі
Басқосуға аудандар мен қала әкімдерінің орынбасарлары, ұйымдастыру комииссиясының мүшелері, ішкі саясат, мәдениет және білім бөлімдерінің, Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры, Достық үйінің жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шара барысында мемлекеттік органдар мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған шараларды дайындау жөніндегі қауымдастықтың жұмысын үйлестіру мәселелері талқыланды.
Наурыз айының соңында Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге қатысты «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» Тұжырымдамасы бекітілген болатын.
Тұжырымдамаға сәйкес, Тәуелсіздікті атап өту еркіндік, бірлік, тұрақтылық, жасампаздық секілді құндылықтарға негізделеді. Әр айда Тәуелсіздік жетістіктері және «Мәңгілік Ел» құндылықтары аясында мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау барысында тұрғындардың әлеуметтік мәселелері мен өмір сүру сапасын жақсартуға басымдық беріледі.
“2016 жыл - Қазақстан үшін ерекше жыл. Қазақстан үшін маңызды саналатын күнге орайластырылған мерекелік шаралар біздің облыста жыл басында басталып кетті. Осы уақыт аралығында көптеген шара, оның ішінде республикалық деңгейдегі шаралар да ұйымдастырылды. Ақтөбе облысы бойынша Тәуелсіздікке арналған барлығы 5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар, мәдени, спорттық, қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды. Сонымен бірге, өңірде 200-ге тарта әлеуметтік нысан қолданысқа беріледі”, - деп атап өткен Ербол Нұрғалиев отырысқа жиналғандардың назарына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қатысты мемлекеттік комиссия бекіткен логотипті таныстырды. Қазақстанның мемлекеттік символдары элементтерінің негізінде әзірленген логотип облыстың барлық елді мекендерінде мерекелік және тақырыптық рәсімдеулерде кеңінен қолданылатын болады.
“Тәуелсіздіктің мерейтойын тойлау аясында жүзеге асырылатын шаралар немесе жобалардың әрқайсысы жалпыұлттық құндылықтарды күшейтуге, патриоттық сезімді қалыптастыруға, халықты мемлекеттің жетістіктері туралы ақпараттандыруға бағытталуы тиіс”, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов.
Басқосу соңында жауапты органдарға жоспарланып отырған шараларды сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруға бағытталған тапсырмалар берілді.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары