- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғаш рет қыз балалар әскери мамандық алып шығады (ФОТО)
Қазақстанда алғаш рет қыз балалар әскери мамандық алып шығады (ФОТО)
Әскери кафедраға оқуға түсу үшін қыз балаларға медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтер мен психологиялық тестілеу тапсыру қажет. Барлық осы көрсеткіштер комиссия отырысында қаралады. «Әскери кафедрада білім бере отырып, біз қыздарға бірден ҚР Қарулы Күштерінің офицері ретінде өзін айқындауға мүмкіндік береміз. Әділ болу үшін және бірде-бір жоғары оқу орнының бойжеткендері назардан тыс қалмау үшін біз барлық жоғары оқу орындарында аштық.
Оқу аяқталғаннан кейін барлық үйренушілерге «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі және олар автоматты түрде ҚР Қарулы Күштерінің жұмылдыру резервісіне енгізіледі», - деді ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің бастығы Айгүл Төлембаева. Осылайша, жігіттермен қатар оқу орнының бейіні тұрғысындағы жақын әскери мамандық бойынша қыздардың да қосымша білім алу мүмкіндігі бар. «Біздің әскери кафедрада төрт мамандық бойынша дайындықтан өтеді.
Студент қыздардың көбісі болашақта өздерінің өмірін ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етумен байланыстыруды жоспарлайды. Берілген тапсырмаларды қыздар сәтті орындайды. Және менің ойымша, олардың біршамасы әрі қарай қызмет жасауға дайын», - деді Қазақ-гуманитарлық заң университетінің әскери кафедра бастығы запастағы полковник Амангелді Ибраев. «Университетімізде әскери кафедрада оқуға мүмкіндіктің барына өте қуаныштымын. Бала кезімнен әскери қызметші болуды армандадым және білім алғаннан кейін әрі қарай ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуді жоспарлаудамын», - деді ҚазГЗУ әскери кафедрасының 1-курс студенті Қазына Әнуарова. Қыздар ер балалармен қатар саптық, жауынгерлік даярлықпен, жарғы, әскери топография пәнімен және өзге де әскери ғылыммен айналысатынын айта кетейік.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады