- Басты
- Жаңалықтар
- Бірлескен тапсырмаларды орындау кезінде қазақстандық әскери қызметшілер өзара іс-қимыл деңгейін арттырды (ФОТО)
Бірлескен тапсырмаларды орындау кезінде қазақстандық әскери қызметшілер өзара іс-қимыл деңгейін арттырды (ФОТО)
Оқу-жаттығу жоспарына жоғары қолбасшылықпен тосыннан түзетулер енгізіліп, ұдайы орналасу орнынан 700 шақырым қашықтыққа шамалы зерделенген бағдарлар бойынша әскерлердің қозғалысы бойынша тапсырмалар берілді. Автомобильді техниканың жүргізушілері мерзімді қызметтегі сарбаздар болғанына қарамастан, артиллериялық дивизион жүктелген тапсырманы жақсы орындап шықты.
Оқу-жаттығу барысында тактикалық тұрғыда үйренушілердің дағдысын арттыруға және барлық жоспарланған іс-шараларды өткізуге қол жеткіздік. 82796 әскери бөлімі жеке құрамының жұмыс нәтижелері жақсы жағынан атап өтілді. Іс-қимылдардың үйлесімділігі мен дәлдігі, оқу нысаналарын жою дәрежесі тұрғысында 21450 әскери бөлімінің жеке құрамы берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты.
Сонымен бірге, оқу-жаттығу басшылығы 21450 әскери бөлімі қолбасшылығының «батальон – рота» буыны офицерлерінің оқытылу деңгейіне назар аударды. Осыған байланысты, офицерлер құрамының білімін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.
«Оқу-жаттығу бекітілген ниетке сәйкес өткізілді. Барлық қойылған мақсаттарға қол жеткіздік, бірлескен тапсырмаларды орындау кезінде әскери басқару органдарының әзірлігі мен қабілеттілігінің, өзара іс-қимылы мен далалық машығының деңгейі артты. Әскери қызметшілердің кәсіби дайындығы мен олардың өз Отанын қорғауға моральдық-психологиялық әзірлігі артты», - деп «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов атап өтті.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде