- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында БЖК аясында 145 млн теңгенің 6 жобасы мақұлданды
Қызылорда облысында БЖК аясында 145 млн теңгенің 6 жобасы мақұлданды
«АҮК мүшелерінің қарауына түскен жобалар негізінен денсаулық сақтау, құрылыс материалдарын шығару мен тамақ өнідірісі және жүк тасымалымен айналысуға бағытталған.
Кәсіпкерлердің борыштық жүктемесін жеңілдету мақсатында мемлекет тарапынан несиенің 10% үстеме мөлшері субсидияланатын болады. Несие пайызын субсидиялауғашешім шыққан 6 жобаның ішіндегі 3 жоба сондай-ақ кепілдендіру құралы бойынша да қолдауға ие болды», - делінген хабарламада.
Кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыратын екінші деңгейлі банктер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ және «Банк Центр Кредит» АҚ бұл жолы да шағын орта бизнесті қолдауға өз үлестерін қосуда.
ЖК«Мырзақұлова»компаниясы қабырға блоктарынөндірумен, яғни қиыршық құм негізінде құрылыс материалының өндірісімен айналысады. 20 млн.теңгеге рәсімделген несиеге кәсіпорынның өндіріс қуатын арттырып, табысын көбейтуге мүмкіндік беретін жаңа құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда. Бірыңғай бағдарлама аясында ЖК Мырзақұлованың несие үстемесі 14%-дан 4% дейін төмендетілетін болды.
«Алмат» ЖКжобасы бойынша Шиелі ауданында компьютерлік орталық ашу көзделуде және сол арқылы аудан көлемінде компьютерлік техниканы жөндеу мен техникалық қызмет саласында сапалы әрі кәсіби қызмет көрсетуді жөнге қою болып табылады. Компанияның рәсімдеген 3млн.теңге көлеміндегі несие конпьютерлік орталықты жабдықтауға арналған барлық құрылғыларды сатып алуға жұмсалады.
85 млн.теңге қаржыны несиеге алуды жоспарлаған ЖШС «Агро-Центр» компаниясының несие үстемесі мемлекет тарапынан 10% көлемінде субсидияланатын болады. Крахмал шығарумен айналысатын мекеме рәсімдеген несие қаржысын айналым қаражатын толтыруға жұмсауды жоспарлауда.
АҮК отырысының қорытындысы бойынша пайызды субсидиялау мен кепілдендіру сияқты қолдау құралдарына ЖК «Сүлейменова», ЖК «Сырғабаев» және ЖК «Әйгерім» компаниялары да қол жеткізді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды