- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Сағадиев: Ғылым мен жаңа технологияларды дамыту - заманауи әлемдегі өзекті тақырыптың бірі
Е.Сағадиев: Ғылым мен жаңа технологияларды дамыту - заманауи әлемдегі өзекті тақырыптың бірі
Іс-шараға Қазақстанның ғалымдары мен академиктері, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, шетелдерінің сарапшылары, және т.б жоғары оқу орындары мен ғылыми қызметкерлері қатысты.
Ерлан Сағадиев қатысушыларды тарихымыздағы айтулы кезең-Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы аталып жатқан тұстағы кәсіби мереке - Ғылыми қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтай отырып хабарлады:
«Қазіргі кезде әлемде ғылым мен жаңа техногияларды дамыту өзекті тақырыптарының бірі. Ғылыми әлеует, ғылыми техникалық ресурстар көбінесе әрбір елдің әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын анықтайды, оның әлеуметтік-саяси экономикалық мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді».
Форумда айтылған баяндамалардың ішінен Ұлттық ғылым академиясының президенті Жұрынов Мұрат Жұрынұлының өндірісті ғылыми сүйемелдеу қажеттілігі туралы баяндамасын атап айтқан жөн. Сонымен қатар, шетел сарапшысы Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтының өкілі Чал Су Лимнің Қазақстандағы ғылыми-техникалық ақпарат жүйесін Оңтүстік Кореяның тәжірибесін пайдалана отырып жетілдіру мүмкіндіктері бойынша баяндамасы тыңдармандардың көңілінен шықты.
Форум аясында ғылыми-техникалық ақпараттың кешен жүйесін дамыту, Стартаптарды қалыптастыру бойынша инновациялық экожүйе қатысушылардың өзара ықпалдастығы» және тағы басқа тақырыптарда мастер-класстар ұйымдастырылды. Павильонда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойына байланысты кітап көрмесі өтті.
Сонымен қатар Білім және ғылым министрі Ұлттық шаруашылық университетінде өткен «Сапаны қамтамасыздандыру, аккредитация және басқару білімінің болашағы» форумына қатысты. Форум 20 астам мемлекеттен 500 адамды біріктірді. Олардың арасында ректорлар, шетелдік және отандық ЖОО студенттері мен оқытушылары, бизнес-құрылыс, халықаралық ұйымдар, қоғамдық ұйымдар БАҚ өкілдері болды.
Ерлан Сағадиев қатысушылар алдында Білімді және ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламадағы негізгі өзгерістер тураы сөз қозғады және білім беру бағдарламасындағы жаңартулар мен оқытушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеру мен тағы басқа мәселелер туралы сөз қозғады.
Қатысушылар министрге тікелей сұрақтарды қоя алды, бұл мүмкіндікпен алматылық ЖОО өкілдері мен журналистер қолданды.Министр мектептерде оқу жылын ұзарту, ағылшын тілін ұйрету, қазақстандық ЖОО сертификаттау,академиялық мобильділік сияқты бүгінгі таңда көкейтесті сұрақтарға жауап берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері