- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешенінде болды
Сенаторлар Ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешенінде болды
Сенаторлар кездесу барысында телекоммуникациялық «KazSat-2» және «KazSat-3» серіктерін басқаруды қамтамасыз ететін «Ақкөл» жер үсті басқару кешенінің бөлімшелерімен танысты.
“Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков ұжымды алда келе жатқан Дүниежүзілік авиация мен космонавтика күнімен құттықтады. Ол 10 наурызда Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдағаны туралы хабардар етті. Құжатта экономика, азаматтық қорғаныс, қоршаған орта, геодезия және картография, сәулет және қала құрылысы салаларында ғарыш қызметінің нәтижелерін іс жүзінде пайдалану үшін құқықтық тетіктер көзделген”, - делінген хабарламада.
Жаңа заңды талқылау барысында ақпараттандыру деңгейі кез келген мемлекеттің қуаттылығы мен қауіпсіздігін бағалаудың маңызды белгісі әрі ішкі және сыртқы стратегияны әзірлеудің маңызды құралы екені атап өтілді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қазіргі заманғы ғарыштық инфрақұрылым қалыптастырды, бірақ ол одан әрі жетілдіруді талап етеді. Одан басқа, ғарыш қызметіндегі жетістіктер мен барлық инфрақұрылымдар мемлекетті дамытуға және нығайтуға жұмыс істеуі қажет. Бұл осы заңды қабылдауға себептердің бірі болды.
Сенатор И.Адырбеков сондай-ақ ғарыштан түсірілген суреттерді пайдалану саласында ғарыш жүйесінің өнімдері мен қызметін пайдалану аясын кеңейту және мемлекет пен жеке секторының әріптестігін ұлғайту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ғарыш жүйесін құру барысында қазақстандық үлесті ұлғайту, ғарыштық инфрақұрылымның жер үстіндегі отандық нысандарын, оның ішінде ғарыш техникасының арнаулы конструкторлық-технологиялық бюросын көбейту қажет.
Кездесу соңында алға қойылған міндеттерді іске асыру барысында туындайтын, заңнамалық қолдауды талап ететін өзекті мәселелерді шешуде сенаторлар жәрдемдесуге әзір екені атап өтілді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар