• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы қ. жарықдиодты өнімді шығару зауыты жылына LED-жабдықтарының 38 мың данасын шығаратын болады

Алматы қ. жарықдиодты өнімді шығару зауыты жылына LED-жабдықтарының 38 мың данасын шығаратын болады

11 Сәуір, 2016 17:48
ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов «ИТП» АЭА болып қайтты. Шара барысында вице-министр мұнай-газ саласы бойынша оқыту-жаттықтыру жұмысымен, жарықдиодты өнімді шығару зауытымен және АЭА-ның басқа да учаскілерімен танысты.

Әкімдікте хабарлағандай, бірінші нысан U Drilling centre» болды. Ол жерде мұнай-газ саласы боынша кадрларды даярлайды. Заманауи жабдықтар қазақстандық студенттер мен қызметкерлерге шетелге шықпай-ақ жақсы білім алуға көмектеседі. Айта кетейік, оындай классты жаттықтыру кешені үш елде ғана бар: АҚШ, Норвегия және Қазақстан.

Келесі болған нысанның бірі Кәсіпкерлікті қолдау картасының қатысушысы - ТОО «DS Multimedia CA» болды. Ол жерде жарықдиодты өнімдерін өндірумен айналысады.  Кәсіпорын жылына 25 мың бірлік өнім (Экран) және 38 мың бірлік (LED-жабдықтары) шығарады деп жоспарлануда. Ол әлем бойынша алтыншы зауыт. Бұрындары кәсіпорын Сингапуре, Малайзии, Египте, Бразилии, Оңтүстік Корея және қазір Казахстанда іске қосылды.

Сонымен қатар, «ИТП» АЭА жаңа қатысушылар вице-министрге IT-технология саласынджа өз жобаларын таныстырды: «Блог-платформа YourVision» ЖШС, «Личная Касса» ЖШС, «DigiBased» ЖШС және тағы басқалар.

«ИТП» АЭА-инновациялық идеяның өсу алаңы. АЭА жобасының негізгі мақсаты жаңа технологияларды жұмылдыру, жаңа кәсіпорындардың жан-жақты қолдауы болып табылады. Компания көп жағдайда ақпараттық технология, телекоммуникация, байланыс, электроника жағында жұмыс атқарады.

Бүгінгі күні зона аумағында 153 компания орналасқан, олардың ішінде 64-і АЭА аумағында өз қызметтерін істейді, 47-і эксаумақтық принципімен жұмыс атқарады, 42-сі Алматы қ. аумағында мекемелерді жалға алады. «ИТП» АЭА-да инвесторлар жер учаскілерін береді, жаңа өнімдерді шығару үшін керекті инфрақұрылыммен жабдықтайды.

ҚР Салық кодексіне сәйкес  «ИТП» АЭА аумағында келесі жеңілдіктер қарастырылған: кедендік баждың болмауы, корпоративтік табыс салығы - 0%, жер учаскілерін жалға алу - 0%, әлеуметтік салық - 0%, мүлікке салық - 0%, жерге салық - 0%.

Барлық жаңалықтар