• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Көкрекбаев: Құс және ірі қара малдың етін қайта өңдеу бойынша 5 ірі инвестор тартылды

К.Көкрекбаев: Құс және ірі қара малдың етін қайта өңдеу бойынша 5 ірі инвестор тартылды

11 Сәуір, 2016 16:14
Облысқа жалпы сомасы 6,5 млрд. теңге өндірісті дамыту және құс және ірі қара малды етін қайта өңдеу бойынша 5 ірі инвесторлардың тартылған, деді облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев өңірлік Оталық коммуникациялар қызметінде.

«Аймақ басшысы өз баяндамасында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2011 жылдан бастап бері 20205 бас мүйізді ірі қара мал сатып алынды. Белгіленген бесжылдық жоспар 125,4 %-ға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 24918 бас қой, жоспар 155,7 %-ға орындалды. «Құлан» бағдарламасы арқылы 2317 бас жылқы сатып алынды. Жоспар 115,9 %-ға орындалды-деп атап кетті», - деді К.Көкрекбаев.

2012 жылдан бастап облыста 17998 бас малға арналған 23 бордақылау алаңдары салынды.

«Меркі ауданында жаңазеландиялық «Фонтерра» және даниялық «Aрла» бағдарламалары бойынша сүт кластерін дамыту мақсатында 40 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды», - деді ол.  

Алдағы уақытта оның төңірегінде 70-тен-200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар фермалар құрылатын болады.

Барлық жаңалықтар