- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Дала бүркіті – 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі басталды (ФОТО)
Қазақстанда «Дала бүркіті – 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі басталды (ФОТО)
Іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 60-тан аса өкілі қатысады. Алғашқы кезең шеңберінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының әскери қызметшілері американдық және британдық әріптестерімен бірлесіп батальон штабының жұмысы, ротаның жеке құрамын басқару, күшті, тактикалық байланысты қолдану ережелері, инженерлік-саперлік топтың іс-қимылдары, тактикалық медициналық көмек пен көшіруді орындау, суды тазарту бойынша сертификация алу және т.б. бойынша тәжірибе алмасады.
Айта кетерлік жәйт, оқу-жаттығу ниетіне сәйкес «Дала бүркіті – 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңін Ұлыбритания аумағында өткізу жоспарлануда. Ол жерге қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының 250-ге жуық әскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери-көліктік авиациясы тартылады.
Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы «Дала бүркіті – 2014» бітімгершілік оқу-жаттығуы Германия Федеративтік Республикасында өткен болатын. Оған ҚР ҚК-нің 150-ден аса әскери қызметшісі тартылды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды