- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары кооперативтерге бірігуде (ФОТО)
Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары кооперативтерге бірігуде (ФОТО)
Кеңесте айтылғандай, 2015 жылдың қорытындысына сәйкес, ресурстарды несие серіктестіктері арқылы игеру бойынша Ақтөбе облысы республикада соңғы орындардың біріне орналасқан. 1 миллиард теңге деп жоспарланғанымен, ақтөбеліктерге 704 миллион теңге бөлінді.
“Біз барлық мемлекеттік қолдаудың басымдықтарын пайдалануымыз керек, 2014 жылы жеткілікті қаражаттың 47 пайызын, 2015 жылы 67 пайызын алдық. Қарап отырсақ, бізді халықты азық-түлік қауіпсіздігі, мал басы санының артуы алаңдатпай отыр, мұнай мен газға сеніп өмір сүрудеміз”, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Басты себеп, әкімнің пайымынша, ауыл тұрғындарына ақпараттың дұрыс жеткізілмеуі. Оған өткен аптада Ойыл ауданына барған кезде көз жеткізілді. Кеңес барысында айтылғандай, 2015 жылы және осы жыл басталғалы Әйтеке би ауданында бірде-бір жоба құрылмаған, Қарғалы ауданында тек бір жоба қолға алыныпты. Тек Ырғыз ауданында жағдай қалыпты. Ырғыз ауданы мен Ақтөбенің маңайындағы жобалар осы бағытта жұмыс жасау керектігін көрсетіп отыр.
«Аграрлық несие корпорациясы» филиалы Ақтөбеде 2011 жылы құрылды. Оның жұмысын сараптай кере, мәселелердің төрт блогін анықтау мүмкін болды. Ол – серіктестіктер желісі арқылы несие ресурстарын тартуда белсенділіктің төмен болуы. Берешектер бар. Үшінші блок білікті қызметкерлерді жинау. Соңғы блок – тек Ақтөбе облысында қатысушының үлесін арестке алуға байланысты серіктестіктердің қызметі бұғатталады.
Облыс әкімі бұл кедергілерді болдырмау және займ алу процедурасын жеңілдету жөнінде тапсырма берді.
Кеңес барысында шаруа қожалықтарын 7 мың ұсақ мал басы бар кооперативтерге біріктіру бойынша біріккен пилоттық жоба таныстырылды. Айтылған ұсыныс облыста мал биржасын құру туралы идеясымен сәйкес келеді. Кеңес барысында сөз болғандай, кооператив мүшелері малды өздеріне алып қалады, тек жас малды тапсырады. Олар жемделіп, көтерме өткізуге дайындалады. Бірінші сатыда 12 шаруашылықтан 7 мың қозы жинау көзделіп отыр. Кооператив бордақылау алаңын құрады, техника сатып алады, жем қорын жинайды. Жоспарда тағы бір ет өңдеу зауыты құрылысы бар.
Кездесу соңында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Аграрлы несие кооперациясы» жетекшілігі ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы