- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік тасымалды дамыту үшін қолайлы тарифтік шарт жасақтады
Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік тасымалды дамыту үшін қолайлы тарифтік шарт жасақтады
А. Мамин сапар барысында Өзбекстан вице-премьері Батыр Закировпен, сыртқы экономикалық байланыс және сауда министрі Эльер Ганиевпен және «Узбекистон темир йоллари» АҚ басқарма төрағасы Ачилбек Раматовпен келіссөздер жүргізді.
Келіссөз барысында көлік және логистикалық саладағы серіктестік аясын әрі қарай кеңейту туралы мәселе қаралды.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Өзбекстан арасында темір жол көлігімен жүк тасымалының оң динамикалық өсімі байқалған.
Жүк тасымалы көлемін, соның ішінде транзиттік тасымалды ұлғайту мақсатында тараптар әрі қарай икемді таритік саясат жүргізуге келісті. Оның ішінде астық, ұн, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін, мақта талшығы, минералдық тыңайтқыштар, түсті металл және басқа да бірқатар жүк түрлері бойынша транзиттік тарифке жеңілдік жасау мүмкіндігі қарастырылды.
Тараптар екі ел кәсіпорындары өндірген өнімдерді темір жол көлігімен тасымалдау бойынша өзара тиімді байланысты жалғастырады.
Қазақстандық өндірушілердің темір жол өнімдерін Өзбекстанға жеткізу бойынша келісімге қол жеткізілді.
Өзбекстанның жеміс-жидек өнімдерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистикалық инфрақұрылымын пайдаланып, Кеден Одағы елдеріне жеткізу көлемі мен номенклатурасы келісілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан темір жол әкімшіліктері арасында тиісті Хаттамаларға қол қойылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы