• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2020 жылдан бастап Жамбыл облысының 4 мектебінде үш тілде білім беру элементі енгізіледі

2020 жылдан бастап Жамбыл облысының 4 мектебінде үш тілде білім беру элементі енгізіледі

11 Сәуір, 2016 13:02
2020 жылдан бастап Жамбыл облысының 4 мектебінде үш тілде білім беру элементі енгізіледі, деді облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев өңірлік Оталық коммуникациялар қызметінде.

«Елбасының білім жүйесін реформаландыруы бойынша бірқатар тапсырмалары бар – олар 76,77,78,79 қадамдар. Облыстағы екі мектеп 12 жылдық білім беру бойынша білім беруді тәжірибе түрінде жүзеге асыруда. Жаңа оқу жылынан бастап 26 мың бірінші сынып оқушысы  жаңа білім беру бағдарламалары бойынша білім алады. 3 облыстық мамандандырылған – мектеп интернатында пәндер үш тілде жүргізілуде. Өткен жылы 2 мектепте үш тілде білім беру элементі енгізіледі», - деді К.Көкрекбаев.

Аймақ басшысы атап өткендей, облыста техникалық кадр дайындауға ерекше  көңіл бөлінуде.

«Бүгін 48 колледжде 27 мың студент білім алуда, оның 13550 мемлекеттік тапсырыс», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар