• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2017 жылдан бастап ҚР-да зияткерлік меншік ЭЫДҰ стандартына сәйкес болады (ВИДЕО)

2017 жылдан бастап ҚР-да зияткерлік меншік ЭЫДҰ стандартына сәйкес болады (ВИДЕО)

11 Сәуір, 2016 15:04
Келесі жылдан бастап Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесі ЭЫДҰ стандартына сай болады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің бас сарапшысы Ержан Қарпықов Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне барген сұхбатында айтты.

«Бүгінгі таңда ел Президентінің тапсырмасын орындау бойынша, зияткерлік меншікті ЭЫДҰ   стандартына көшіру аясында Әділет министрлігінің жекелеген департаменті зияткерлік меншік туралы заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізді. Қазір заң жобасы мемлекеттік органдардың келісімін алу сатыларынан өтуде. Биыл сәуірдің соңына дейін заң жобасын Үкіметке енгізіп, 2017-ші жылы күшіне енуі үшін жыл соңына дейін заң жобасын қабылдау көзделген»,-деді ол.

Сарапшының айтуынша, заң жобасында Азаматтық кодекске, Қылмыстық кодекске, Салық кодексіне, авторлық құқық туралы  және Патент Заңдарына өзгерістер енгізу көзделген.

«Заң жобасының негізгі мақсаты зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Біз ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесін меңгердік, енді сол тәжірибені қазір заңнамаға енгізбекпіз», деп атап өтті ол. Сондай-ақ, сарапшы Департамент жұмысының негізгі бағыттарын да түсіндіріп өтті. Зияткерлік меншік құқығы бойынша Департаменттің негізгі қызметі  - бұл құқықтық-норма базасын жетілдіру, зияткерлік меншікті қорғау және қамтамасыз ету, халықаралық келісімдер бекіту, зияткерлік меншік төңірегінде құқықтық насихат жасау.

Сол сияқты, авторлық құқық – бұл автордың жеке және мүліктік құқығының жиынтығы немесе оның өндіріске пайдалануға беру құқығын қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде авторлық құқықтың бұзылғаны үшін азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 198-ші бабына сәйкес, бас бостандығынан айыруға дейінгі санкция қарастырылған.

«Сотта сіз соттың сізге материалдық және моральдік шығынығызды өтеп беру талабын қоя аласыз. Біз авторлар мен құқығын пайдаланушыларға егер құқыңыз тапталғанын көрсеңіз, бірінші кезекте өзіңіздің шығармаңызды негізге алыңыз деп кеңес берер едік. Біз сонымен қатар аталған айғақты жазып немесе басқа құрылғылар арқылы белгілеп алғандарыңыз дұрыс деп айтар едік. Одан кейін барып, сіздің шығармаңызды пайдаланып, құқығыңызды таптаған адамға хабарласыңыз. Онда болмаса,и сотқа шағымданасыз»,-деп түсіндірді сарапшы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар