- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның теңіз десанты жарыстың халықаралық кезеңіне дайындалуда (ФОТО)
Қазақстанның теңіз десанты жарыстың халықаралық кезеңіне дайындалуда (ФОТО)
Жалпы алғанда, іріктеуге әрқайсысында 24 адамнан құралған 5 команда қатысты. Армия ойындарына қатысу үшін жолдаманы бір ғана команда алды. Барлық қатысушылар взвод құрамында десанттау, жүгіру, десанттың ұрыс машинасындағы жеке жарыс, сондай-ақ экипажсыз взвод құрамында жеке биатлон, атыс қаруы мен гранатаатқыштардан оқ ату секілді теңіз десантының жауынгерлік тапсырмаларын орындады.
« Байқау екінші үлгідегі десанттың ұрыс машиналарында немесе БТР-82-де өткізілді. Әскери қызметшілер байқаудың төрт кезеңінен өтуі тиіс еді. Атап айтсақ, «Кедергілер жолағы» – жеке дайындық бойынша жарыс, «Аман қалу соқпағы» – бөлімшелер далалық дағды бойынша бақ сынасты, «Қудалау жарысы» – ұрыс машиналарының экипаждары арасында, сондай-ақ «Эстафета»», - делінген хабарламада.
Жеңімпаз әскери қызметшілердің командасы енді халықаралық кезеңге дайындалады. Өткен жылы алғашқы Армия халықаралық ойындарында теңіз жаяу әскерлеріміз 3-орынды еншілеген болатын. Олар бірінші болып өнер көрсетіп, байқаудың жоғары деңгейіне қарқын берді.
Теңіз жаяу әскер әскери қызметшілері бағдар сызбанұсқасын егжей-тегжейлі зерделеп, БТР-80 броньды транспортерларда қашықтықты бағындырып көрді. Берілген бағдарды барынша тез өтті, сондай-ақ теңіз бен жағалауда нысаналарды жойды.
Теңіз десантшылары – бұл теңіз десанттық операцияларға қатысатын және жауынгерлік іс-қимылдардың өзге де түрлерінде соққы жасақтары ретінде қолданылатын әскери қызметшілер екенін айта кетейік. Олардың міндеті теңізден немесе қарсыластың жағалауына түсіру болып табылады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда