Өзбекстанның СІМ-де Қазақстан Президентінің алдағы сапары талқыланды

11 Сәуір, 2016 11:58
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға жасайтын сапарының тәжірибелік аспектілері ҚР Өзбекстан Республикасындағы елшісі Ерік Өтембаев пен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың кездесуінде қарастырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Өзбекстанның сыртқы саясат ведомство басшысы Е.Өтембаевты елші қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Сонымен қатар ол, халықаралық байланыстың барлық кешені мықты қаланған қазақстандық-өзбекстандық іргетастың негізінде бұдан әрі қарай да дамуын жалғастыратынын атап өтті.  Тараптар көлік, коммуникация және тасымал саласында тығыз өзара қарым-қатынаста әрекет етеді.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат, екі елдің саяси және экономикалық салаларда стратегиялық серіктестікті нығайтудың аса қажет екенін айта келіп, Қазақстан мен Өзбекстан аймақта айтарлықтай негізгі локомотив бола алатынын атап өтті. Экономикалық, көліктік-транзиттік және шекаралық салаларда  маңызды ынтымақтастық әлеуетке ие. 2015-ші жылы екіжақты тауар айналым 3 млрд. АҚШ долларын құраған.

Сонымен қатар, екі жақты күн тәртібіндегі маңызды мәселелер рухани жақындық негізінде және Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының көп ғасырлық тарихы тұрғысындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық төңірегінде болатыны айтылды.

Барлық жаңалықтар