- Басты
- Жаңалықтар
- «А» корпусы дарынды басқарушылар үшін ашық «әлеуметтік баспалдақ» - Ғ.Әбдірахымов
«А» корпусы дарынды басқарушылар үшін ашық «әлеуметтік баспалдақ» - Ғ.Әбдірахымов
«Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып биыл мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілді. Ол мемлекеттік аппарат жұмысындағы бірқатар жүйелі мәселелерді шешуге, мемлекеттік қызметкерлердің халыққа көрсетуі керек мемлекеттік қызмет көрсетуде көрінуі керек тұрақтылық пен тиімділікті арттыруға бағытталған. Осылайша дарынды және табысты басқарушылар үшін ашық «әлеуметтік баспалдақ» пайда болды», - деді Ғ.Әбдірахымов.
Реформадан кейінгі негізгі өзгерістердің қатарында командалық ауыс-түйістердің азаюы, саяси қызметкерлердің саналуы, әкімшілік қызметке қойылататын талаптардың күшеюін айтуға болады, деді ол
Осыған орай «Қазақстан-2050 Стратегиясына» сай реформаның қорытындысында «А» жаңа басқару корпусының құрылды.
Оның айтуынша, Қазақстанда «А» корпусы ел Президентінің саясатын іске асырудың және тиімді мемлекет құруда бас механизмге айналуы керек.
Естеріңізге сала кетейік, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сай, «А» корпусы іріктеу байқауының ерекше тәртібі бар мемлекеттік әкімшілік басқару деңгейіндегі лауазым болып табылады.
«А» корпусына орталық мемлекеттік орган мен облыс әкімдіктері аппараты жетекшілері мен жауапты хатшылары; министрліктер комитетінің төрағалары; аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері; ревизиялық комиссия мүшелері мен төрағалары; Президент Әкімшілігі секторларының меңгерушілері мен Премьер-Министр канцеляриясы, Парламент аппараттары, Жоғарғы Сот, Конституциялық Кеңес, Санақ комитеті бөлімдерінің жетекшілері мен өзге де лауазымдар кіреді.
«А» корпусының 540 лауазымының резервіне 940 адам қабылданды. Қазіргі таңда «А» корпусы 30 пайызға жаңартылған және жинақталған. Кей орындарға мемлекеттік емес сектор қызметкерлері де өтініш берді.
Айта кету керек, «А» корпусының мемлекеттік қызметкерлеріне 4 жылға еңбек шарты жасалды. Және олар мұны тағы 4 жылға шегертуге құқылы.
Сонымен қатар, әр жылдың соңында «А» корпусы қызметкерлері атқарған қызметтері туралы есепке тартылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген