- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музейде «Мәскеу ақша сарайының күміс маркаларындағы Мекке» көрмесі ашылды (ФОТО)
Ұлттық музейде «Мәскеу ақша сарайының күміс маркаларындағы Мекке» көрмесі ашылды (ФОТО)
Көрменің салтанатты ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай аталмыш көрме туралы айта келе, топтамадағы маркалардың ерекшелігіне тоқталып өтті:
«Мәскеу ақша сарайы ұсынып отырған көрме эксклюзивті көрме болып саналады. Қасиетті Меккеге ғана емес, жалпы Ислам діні мәдениетіне жасалған үлкен құрметтің белгісі деп санаймыз. Топтаманы жасау үшін 3 жыл уақыт қажет болған. Ондағы маркалардың саны тура қырық және бұл кездейсоқтық емес. Ардақты пайғамбарымызға 40 жасында Алладан уахи келген. Сонымен қатар, 40 саны өзге діндерде де қасиетті болып саналады. Ережеп айы басталғанда осы көрменің Ұлттық музейде өтіп жатқанына қуаныштымыз», - деді Д.Мыңбай.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев күміс маркаларға қатысты пікірін білдірді:
«Ұлттық музейде өтіп жатқан осынау көрменің мән-мағынасы өте ерекше. Бұл күміс маркалар өте шектеулі тиражбен шығарылған. Сондықтан да аз уақыт ішінде антиквариатқа айналды. Күміс маркалардың көрмесі алғаш рет 2013 жылы Татарстанда өткен болатын. Бүгін барлығымыз да көркемдігі жағынан әлемде баламасы жоқ бұйымдардың куәгері болып отырмыз», - деді Қ.Уәлиев.
«ВТ» компаниясының директоры Владимир Прусаков көрмені ұйымдастырушыларға алғыс білдіре келе, маркалар топтамасын жасау идеясымен бөлісті.
«Осынау маңызды жобаны Ұлттық музейде өткізуге мүмкіндік жасаған барлық ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіремін. «Күміспен күптелген Мекке» атты маркалар топтамасын жасау идеясы 2006 жылы «Алтын және Күміс Құрандар» жобасын жалғастыру әрі оны дамыту ретінде пайда болды. 2013 жылдан бері қарай түрлі дүниежүзілік, халықаралық көрмелерге қатысып келеді. Мұның барлығы тарихи артефакт болып табылады. Бұл жұмысқа ғалымдардан бастап, сарапшылар, технологтар, инженерлер, дизайнерлер, мүсіншілер мен суретшілер түгел қатысты», - деді В.Прусаков.
Аталмыш көрме Ұлттық музейде бір ай уақыт жұмыс істейді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі