- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысы мен Қытай ынтымақтастық туралы 9 келісімге қол қойды
Жамбыл облысы мен Қытай ынтымақтастық туралы 9 келісімге қол қойды
Олардың қатысуымен жамбылдық және чанцзи-хуэй делегацияларының мүшелері Жамбыл облысы мен TBEA электр-техникалық бірлестігі (әлемде электр трансформаторлары мен кабельдерді ең ірі шығарушы), Жамбыл облысының Байзақ ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Манас ауданы, Жамбыл облысының Қордай ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Хутуби ауданы, Жамбыл облысының Шу ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Мори-Қазақ автономдық ауданы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі экономика және саясат комитеті, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармалары мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі басқармасы, Тараз мемлекеттік педагогика институты мен Чанцзи кәсіби-техникалық колледждің арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумдарға қол қойды.
«Бүгін біз ШҰАА Чанцзи-Хуэй автономдық өлкесінің губернаторымен бауырлас байланыстарды орнату туралы келісімге қол қойдық. Өнеркәсіп саласында, соның ішінде химиялық тыңайтқыштарды өндірудегі өзара ықпалдастық ең басты мәселе болып отыр. Жамбыл облысында бұл индустрия, атап айтқанда фосфор, аммофос өндіру жақсы дамыған. Құрылыс саласында біздің облысымыз цемент, гипс шығарып отыр. Қытайлық тарап біздің бұл өнімдерді Қытайға жеткізуімізге қызығушылық танытуда. Үшінші сала - ауыл шаруашылығы. Олар ет, бидай, арпа, соя майы, жүгеріге қызығушылық танытып отыр», - деді Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев.
Ол екі күннің ішінде ШҰАА ЧХАӨ-нің өнеркәсіп, ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандары қаралғанын атап өтті.
«Мұнда тамшылап суару жүйесі жоғары дамыған. Біз чанцзийліктерді Жамбыл облысына шақырдық. Бізге 20-ға жуық инвестор келмек. Біз өзімізде ауылшаруашылық өнімді, бірінші кезекте қызанақтарды қайта өңдейтін зауыттарды құруға қызығушылық танытудамыз. Мұндағы жылыжайларда өсімдіктердің шамамен 250 түрі өсіріліп жатыр. Біз оларды өз ауданымызда өсіруді жоспарладық», - деп атап өтті әкім.
Оның айтуынша, Жамбыл облысы әлемде электр-техникалық жабдықтардың ең ірі шығарушысы TBEA компаниясымен (жылдық табысы - 800-ге жуық млн. доллар) ынтымақтасады.
«Біз баламалы энергетиканы дамытып жатырмыз, жыл сайын сапалы трансформаторлардың көп саны керек», - деп атап өтті ол.
«Мәдени салада біз қытайлық ғалымдар, археологтар, зерттеушілер және қарапайым туристердің Жамбыл облысына көп келуі үшін елдеріміздің арасында тарихи туризмді дамытуға ниеттіміз. Бізде 1 600 тарихи ескерткіш бар, Тараз қаласының орталығында ашық аспан астындағы мұражай ашылды, онда 33 мың артефакт сақталған. Біз Жібек жолында орналасқанбыз», - деді әкім.
Кәрім Көкірекбаев Чанцзи қаласында қала салудың кейбір оң аспектілерінен де үлгі алуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
«Мен бұл сапар біз үшін жемісті болды деп ойлаймын. Қандай дағдарыс болғанына қарамастан, егер біз инвесторларды тартсақ, бізде барлығы жақсы болып, Жамбыл облысының экономикасы дамуын жалғастырады. Біз чанцзийлік әріптестерімізді биылғы жылдың мамыр айында қытайлық инвесторлар мен мамандардың егіс науқанына (соя, жүгері және басқа дақылдар) үлгеріп, барлығын өз көзімен көруі үшін Жамбыл облысына келуге шақырдық», - деп түйіндеді ол.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері