Өскеменде 2 ай ішінде 6000-ға жуық көшет отырғызылды

11 Сәуір, 2016 09:31
Өскемен қаласының тұрғындары «екі қолға бір күрек алып» сенбілікке шығып, қала көшелерін тазалап, көгалдандыруға белсенді кірісіп кетті. Көпшіліктен қалыспаған қала әкімі Темірбек Қасымжанов 19 шағын ауданда өтіп жатқан сенбілікке қатысып, көшеттер отырғызды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Сәуірден бастап қала бойынша 2 айлық сенбілік мерзімі басталды. Шаһар аумағындағы 12 Жергілікті өзін-өзі басқару кооперативі, 27 ірі өндірісі орны, 14 бөлім және оқу орындары мен басқармалардан жұмылдырылған 6 000-ға жуық адам мен 100 бірлік техника, қаланы көркейтумен айналысады.

Бүгінгі күннің өзінде өскемендіктер саябақтар мен көшелерді тазалап үлгеріп, 500-ден астам көшет отырғызды.

Қала басшысы Темірбек Қасымжанов 19 шағын ауданда №46 мектеп маңында өткен сенбілікке қатысты. Аталған аумақ тазартылғаннан кейін, 100-ге жуық көшет отырғызылды. Сонымен қатар, қаладағы ұзын көшелердің бірі К. Маркс көшесінің бойына ағаш көшеттері отырғызылды.

«Қазір өскемендіктер сенбілікке шығып, қала көшелері мен саябақтарды тазартуда. Айта кету керек, қала тұрғындары белсенді қатысып жатыр. Жалпы 2 айға созылатын сенбілік науқанында 6000 ағаш талып отырғызамыз деп жоспарлаудамыз», – деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Арман Ысқақов.

Айта кетсек, қала әкімінің тапсырмасы бойынша қоқыс орындары анықтайтын және тазартатын жұмыс тобы құрылып, өз жұмысына кірісіп кетті.

 

Барлық жаңалықтар