• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында ШОБ-ті дамыту бойынша серіктестік бағдарламасына қол қойылды

Ақтөбе облысында ШОБ-ті дамыту бойынша серіктестік бағдарламасына қол қойылды

11 Сәуір, 2016 09:13
Ақтөбе облысында бірнеше компания басшыларымен шағын және орта бизнесті дамыту бойынша серіктестік бағдарламасына қою рәсімі өтті, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Жиынды ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталмыш бағдарлама шағын және орта бизнес субъектілерімен ірі кәсіпорындардың кооперациясын құру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  дайындалғанын атап өтті.

«Президент елде экономикалық тұрақтылықты, экономикалық өсім қарқынын, халықты жұмыспен қамту, отандық тауар өндірушілерді қамтамасыз ету турпалы біқатар мәселелерді тапсырды. Экономикалық дағдарыс жағдайында біз қазақстандық қамту үлесін барынша ұлғайтуымыз керек және бәсекеге қабілетті  өнім шығаратындар мен барлық талаптар мен стандарттарға сай келетін кәсіпорындарға көмектесуіміз қажет. Сонымен қатар,  импортты төмендету шараларын қабылдауымыз керек. Бізге шағын және орта бизнес субъектілерімен ірі кәсіпорындардың кооперациясын құру бойынша жұмыс жүргізу керек»,-деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қолдау үшін барлық шараларды қолданады. Билік тауар өндірушілерді несиелік ставка бойынша қаржылау субсидиялауға дайын.

«Қол қойылған аталмыш бағдарламаны тиімді жүзеге асыратын болсақ, қазақстандық қамту көлемін ұлғайтады. Жаңа импорт алмастырушы өндіріс орындарын құруға мүмкіндік береді және шағын және орта бизнестің әлеуетін арттырады. Ең бастысы, кәсіпорындардың күрделі экономикалық кезеңнен қиналмай өтіп кетулеріне мүмкіндік береді»,-деді облыс әкімі.

Барлық жаңалықтар