- Басты
- Жаңалықтар
- Осы көктемде ҚР Қарулы Күштерін СҚО-ның 200-дей шақырылушысы толықтырады
Осы көктемде ҚР Қарулы Күштерін СҚО-ның 200-дей шақырылушысы толықтырады
Солтүстік Қазақстан облысында мерзімді әскери қызметке 600-ден аса жас азамат шақырылуға жатады. Олардың ішінде 200-дей шақырылушы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде, қалған 400 шақырылушы Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қызмет өткереді.
«Бүгінде әскери қызмет беделді және абыройлы болып саналады. Әскери қызметке түсуге ниет білдіретіндер саны өте көп. Әрбір бозбала Аэроұтқыр әскерлерінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Ұлттық ұлан мен Шекара қызметінде қызмет атқарғысы келеді. Моральды және психологиялық тұрғыда дайындалған, денсаулығы мықты жастарды Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына шақыру бойынша міндеттер 2015 жылдың күзінде толық көлемде орындалды. Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру барысындағы негізгі міндет шақыруға нарядтың пропорционалды бөлінуін ескере отырып, эксаумақтық қағидат бойынша ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтау болып табылды», - деп Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Еркінбек Байболов атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдары сондай-ақ үміткерлерді келісімшарт бойынша әскери қызметке және Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді. Қазіргі кезде келісімшарт негізіндегі қызметтің беделі күн сайын артып келеді. Келісімшарт бойынша әскери қызметке тарту бойынша түсіндірме және имидждік-насихаттау тұрғысындағы жұмыс оң нәтижелер беруде. Өскелең ұрпақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге қызығушылық танытып, ниет білдіруде.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Карантин: Қандай қосымша шаралар қабылданады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді