- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы кітапханасында ғарыш мәзіріне дигустация жасалды (ФОТО)
Елбасы кітапханасында ғарыш мәзіріне дигустация жасалды (ФОТО)
Кітапханада хабарлағандай, Айдын Айымбетов қатысушыларды келе жатқан Ғарышкерлер күнімен құттықтады.
«25 жыл ішінде біздің республикамыз үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстан ғарыш саласын дамытуды жалғастыруда. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың рұқсаты мен шішімінің арқасында Қазақстан ғалымдарының және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің бесінші ғылыми жобасы аясында ғарышқа сапар жасалды»,-деді ол.
А.Айымбетов өзінің ғарышта болу кезінде Қазақ тағамтану академиясының «Дастархан-6» экспериментінің жүру барысы туралы баяндап берді. Біздің Академияның дайындап берген тағамдарына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Жапония, Иордания Корольдігінің Халықаралық ғарыш экипажы жоғары бағасын берген.
Юрий Синявский өз жұмысының мақсаты, ғарышкерлердің ауқаттануы, технологиялар, тағам дайындау принциптері, азық-түлікті сақтау туралы айтып берді.
«Біздің басты мақсатымыз – ғарышқа ұшқан ғарышкерлерге төнетін қауіп түрлерін барынша азайту»,-деді ол.
Ғалым Айдын Айымбетовтың қатысуымен болған ұшуда кальцийға бай (ғарышта адам ағзасындағы кальций тез шайылып кетеді), нәрлі заттары көп жылқы сүтінің құрғақ күйі тексерілгенін жеткізді.
Сондай-ақ, Юрий Синявский ағзаны витаминдермен және биологиялық белсенді заттармен толықтыратын сорпа, салат және басқа да тағам түрлерінен тұратын «Дастарған» жиынтығын ұсынды.
Студенттер мен оқушылар ғарыш мәзірінен дәм татып көрді. Олар ғарышқа ұшу барысында тұтынылатын азық түрлерімен қатар, жылқының құрғақ сүтінің дәмін көрді.
Кездесудің жас қатысушылары ғарышкерлерге берілетін ас түрлеріне ерекше назар аударды. Сол себепті оларды ғарыштағы ас мәзірі, оның ғарышкерлердің денсаулығына әсері, биологиялық белсенді заттардың пайдасы, жер мен ғарышта ас дәмінің өзгеретіндігі қызықтырды.
Елбасының кітапханасына келген қонақтар ғарышкерлер тұтынатын тағамдарды, Айдын Айымбетов бейнеленген пошталық маркаларды, ғарышкер Талғат Мұсабаев туралы үш тілде жазылған кітапты сыйға тартты.
Ғарышкерлер күніне арналған кездесуге генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебінің оқушылары, академик Ғ.С. Сейтқасымов атындағы Индустриалды – экономикалық колледжі және Еуразия гуманитарлық институты колледжінің студенттері қатысты.
Сонымен қатар, оқушы жастармен болған кездесуге «Евразия Инвес ЛТД» ЖШС қызметкерлері келді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өзгерді