- Басты
- Жаңалықтар
- Теңіз биатлонында ҚР ҚК-нің намысын қорғайтын корабльдер анықталды
Теңіз биатлонында ҚР ҚК-нің намысын қорғайтын корабльдер анықталды
Биатлонға қатысатын негізгі және қосалқы корабльдер анықталды. «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі негізгі, «Сарыарқа» – қосалқы корабль болып белгіленді. Корабльдердің экипаждары 33 адамнан тұрады. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов биатлонға дайындыққа жетекшілік етіп, ойын барысында аға өкіл болады.
Теңізде экипаждардың үйлесімділігін жақсарту мақсатында қазіргі уақытта корабльдер оқу-жауынгерлік жаттығулардың орындалуын пысықтайды. Жағада жауынгерлік даярлық пәндерінің бірі 29011 әскери бөлімі оқу-жаттығу орталығының оқу-жаттықтыру станцияларында корабльдің жандылығына күресу пысықталуда.
Корабльдердің регламенттелген техникалық қызмет көрсетілуі корабльдердің жеке құрамы және «Зенит» Орал зауыты» АҚ-тың өкілдерімен өткізіледі.
Теңіз биатлонында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің командасында корабльде қызмет өткеріп жүрген бірден-бір әскери қызметші қыз-келіншек, «Батыр арулар – 2016» байқауының қатысушысы, «Каспий кубогының» үздік белгі берушісі атағы үшін күресетін 1-дәрежелі старшина Жанар Ыбыраева қатысады.
Өткен жылы ҚР ҚК ӘТК-нің командасы «Каспий кубогы» байқауына алғаш рет қатысқанын естеріңізге сала кетейік. Байқау қорытындысы бойынша командамыз екінші орынды еншілеп, күміс медальдар және «БЛ-680» тез жүретін қайықтың жиынтығы иегері атанған болатын.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар