• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев пен В. Путин Астанада өтетін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуін талқылады

Н. Назарбаев пен В. Путин Астанада өтетін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуін талқылады

8 Сәуір, 2016 19:41
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен В.Путин екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде алдағы мамырда Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі жайын талқылады.

Екі ел көшбасшылары Әзербайжан және Армения президенттерімен Ресей жағы да, Қазақстан тарапы да байланысқа шыққанын ескере келіп, Таулы Қарабақтағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ қақтығысты реттеу үшін тараптар қабылдап жатқан шараларды талқылады. 

Барлық жаңалықтар