• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тегеранда Қазақстанмен 40-тан астам екіжақты құжаттарға қол қою дайындығы жүріп жатыр

Тегеранда Қазақстанмен 40-тан астам екіжақты құжаттарға қол қою дайындығы жүріп жатыр

9 Сәуір, 2016 12:31
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Иранға жасайтын ресми сапарына дайындық аясында Иран Ислам Республикасындағы Қазақстанның елшісі Бағдат Әміреев Иранның өндіріс, және сауда министрі Мұхаммад Реза Иран Ислам Республикасындағы Қазақстанның елшісі Бағдат Әміреев Иранның өндіріс, және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзадемен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік-логистикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, 40-тан астам мемлекетаралық, үкіметаралық және өнеркәсіп өндірісі, мұнайхимиялық, көліктік, логистикалық, тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы және ғарыш саласы, ғылым мен жаңа технология салалары бойынша екіжақты коммерциялық құжаттарға қол қою барысы жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша, ирандық өкілдер Қазақстан Президентінің Тегеранға сапары аймақтық және екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді. 

Барлық жаңалықтар