• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да 50 мың гектардан астам ауыл шаруашылығына арналған жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды – ҚР Бас прокуротурасы

СҚО-да 50 мың гектардан астам ауыл шаруашылығына арналған жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды – ҚР Бас прокуротурасы

9 Сәуір, 2016 12:03
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығына арналған 50,5 мың гектар жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуротурасы.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуротурасы жерді пайдалану заңнамасының дұрыс орындалуына ерекше назар аударады.

Аталмыш салаға 6 тексеріс жүргізілгенін атап өту керек. Нәтижесінде 93 заң бұзушылық орын алған. 21 тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жер учаскесін жалдаушылардан бюджетке 10,5 млн. теңге өндірілді.

Барлық жаңалықтар