• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәскеуде ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері Елбасының ұйым құрылымдарын жаңарту туралы бастамасын талқылады

Мәскеуде ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері Елбасының ұйым құрылымдарын жаңарту туралы бастамасын талқылады

9 Сәуір, 2016 10:34
Мәскеуде Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ТМД сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.

Сыртқы саясат ведомство басшылары Достастық аясында өзара әрекеттесу перспективалары мен қазіргі жағдайлар жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, күзде Бішкек қаласында мемлекет басшылар деңгейінде өтетін кездесуге дайындық барысын талқылады.

«Талқылаудағы басты тақырып 1991 жылдың 21-ші желтоқсанындағы тәуелсіз мемлекеттер басшылары құрған Алматы декларациясы негізіндегі Достастығымыздың 25 жыл толуына орай  сәтті кездесу болды»,-деп атап өтті Е.Ыдырысов.

Кездесуге қатысушылар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Үш елдің сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында таулы-қарабақ аумағындағы ушығып тұрған жағдайды бейбіт жолмен шешу жолдары сөз болды. 

Барлық жаңалықтар