Н.Назарбаев «Төрелік туралы» Заңға қол қойды

8 Сәуір, 2016 17:54
Мемлекет басшысы дауларды соттан тыс шешу тәсілдерін дамытуға және төрелік талқылау рәсімдерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған «Төрелік туралы» Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республкасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Барлық жаңалықтар