- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық мемқызметтің үлгісі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды – Ә. Бәйменов
Қазақстандық мемқызметтің үлгісі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды – Ә. Бәйменов
«Біздің үлгіміз халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болуда. Әрине, кез-келген мемлекеттің азаматтары келеңсіздіктер мен кемшіліктерді көреді, әрі ол прогресстің қозғаушы күші болып табылады. Алайда, көптеген елдерде мемлекеттік қызмет реформасын өздері жүзеге асырған сарапшылар мен біздің өңіріміздің сарапшылары Мемлекет басшысының арқасында Қазақстан кәсіби мемлекеттік қызмет бағытына қарай қарышты қадам жасады деп атап айтуда», - деді Ә.Бәйменов.
Спикердің айтуынша, аймақтағы мемлекеттер үшiн Президенттiң саяси қызметшiлердiң лауазымдарының санын 8 рет қысқартуы теңдессiз шешiм боп табылады. Бұл кәсiбилендiруге бағытталған шешiм.
«Кеше мен Ресейдiң халық шаруашылығы және Мемлекеттiк қызмет академиясында магистрантар мен докторанттарға бiздiң мемлекеттiк қызмет үлгiсi жөнiнде дәрiс оқыдым және олардың сарапшылары мен профессорларына аталған тақырыпта арнайы семинар өткiздiк. Сонда байқағанымыз, Ресейдiң жетекшi сарапшылары бiздiң реформаларға үлкен қызығушылықпен қарауда және олар бұл реформаның мемлекеттiк қызмет үлгiсiнiң жаңа кезеңге өткенiнiң шешушi факторы ретiнде Елбасының саяси жiгерi екенiн жасырмай ашық айтып отыр», - деді Ә. Бәйменов.
«Біз тестілеуді конкурстық тапсырмалардан ажыраттық. Қорытындысында мемлекеттік органдар арасында конкурстарды өткізу 3 есеге қысқарды. Сондай-ақ, қауіпсіздікті арттыру барысының жүзеге асуы бойынша 2011 жылы орташа есеппен 75 үміткер сыннан өтсе, ағымдағы жылы оның саны 54 пайызға дейін қысқарды», - деді Ә. Бәйменов.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды