- Басты
- Жаңалықтар
- ЭЫДҰ Қазақстанның зияткерлік меншік қорғау жүйесін нығайтады (ВИДЕО)
ЭЫДҰ Қазақстанның зияткерлік меншік қорғау жүйесін нығайтады (ВИДЕО)
Өткен жылы ҚР әділет министрі Берік Имашев Францияға барған сапарында ЭЫДҰ бас хатшысының орынбасары Уильям Денверспен кездесті. Кездесу барысында зияткерлік меншік саласындаа тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды.
Министр У.Денверске ҚР Президенті Н.Назарбаевтың зияткерлік меншік қорғау саласындағы ЭЫДҰ стандарттарына көшу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу мәселесін айтты.
Өз кезегінде У.Денверс зияткерлік меншік инновацияның дамуында атаулы рөл алатындығын атап өтті, сол себепті көптеген елдерде патенттер саны инновация көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қазақстан жас ел ретінде соңғы жылдары өзекті дамуда. Сонымен қатар Қазақстанның бай дәстүрлері және тарихы бар.
Қазірдің өзінде қазақстанда инновациялық басқару жүйесі дамуда. Сонымен бірге, сыртқы саясат тәжірибесінде көптеген мысалдар бар және ол болашақтағы дамуға септігін тигізеді.
ҚР әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімнің бас сарапшысы Ержан Қарпықов айтып өткендей, Президенттің тапсырмасын орындауда Әділет министрлігінде зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірленді.
«Қазір заң жобасы мемлекеттік органдарда келісімде жатыр, 2016 жылдың сәуір айының соңында заң жобасын Үкіметке енгізу жоспарланған, ал жылдың соңында заң жобасы қабылданады және ол өз күшіне 2017 жылы енеді»,-деді ол.
Осылайша, сарапшының айтуы бойынша, Заң жобасы Азаматтық кодексіне, Қылмыстық кодекске, Салық кодексіне, Азаматтық құқық туралы заңына, Патенттік заңнамаға өзгерістер енгізу көзделіп отыр.
«Заңның негізгі мақсаты зияткерлік меншік құқығы саласында жақсарту болып табылады, яғни біз ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесін танимыз және осы тәжірибені заңнамаға енгізгіміз келеді»,-деді Е.Қарпықов.
Сонымен қатар, ведомствоның сарапшысы атап өткендей, Қазақстанның заңнамасы барлық халықаралық келісімге сай келеді.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстаннң Парламент Мәжілісінің департаменті «Зияткерлік меншік саласындағы құқықтық реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады.
ЭЫДҰ- дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы және демократиялық мен еркін өкілдерінің нарықтық экономика қағидаттарын мойындайды. Ұйымның құрамында 30 комитет пен жұмыс органдары бар. Қазіргі күні ЭЫДҰ мүшелеріне 32 ел кіреді.
Өз кезегінде, 2016 жылдың жаз айында ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның ұлттық зияткерлік меншік жүйесі бойынша егжей-тегжейлі зерттеу жобасын шығаруды жоспарлап отыр.
ЭЫДҰ ресми сайтында хабарлағандай, зерттеудің негізгі мақсаты зияткерлік меншік реформалар саласын зерттеу болып табылады.
«ЭЫДҰ-ның көзқарас және әдістемесі инновациялық экономиканың классикалық теориясының жұмыстарына негізделген, инновациялық кеңірек ұлттық жүйесінің бір бөлігі ретінде Қазақстанды ұлттық зияткерлік меншік жүйесінде талдауды ұсынды»,-деді ол.
Естерінізге сала кетейік, соңғы жылдары Қазақстан білім беру, ғылым, технология және инновациялық саясат саласындағы негізгі реформалардың қатарын өткізіп, әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды динамикасын көрсетеді. Сол себепті ЭЫДҰ біздің елімізге қызығушылық білдіреді.
Индира Қауметова
Видео Азамат Алиев
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы