- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да қайта қаржыландыру есебінен 2 мың 235 бірлік жылу есептеу қондырғысы орнатылды
ҚР-да қайта қаржыландыру есебінен 2 мың 235 бірлік жылу есептеу қондырғысы орнатылды
“Бүгінгі таңда осы бағдарламаның аралық қорытындысы төмендегіше: 2015-2016 жылдары 258,8 шақырымды құрайтын жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін, 14 қазандыққа қоса 3 су стансасы құрылысын салу және қайта құрылымдау жоспарланған. 2016 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша, табиғи монополиялар субъектілерінің нақты атқарған жұмыс көлемі 36,8 миллиард теңгені құрайды немесе игерілгені 61 пайыз”, - деді Қ.Байдалы.
Инженерлік желілердің 211,5 шақырымы салынған және қайта құрылымдалған: жылумен жабдықтау желісі – 143,8 шақырым, жылумен жабдықтау және су бұру бойынша – 67,7 шақырым, 4 қазандық және 2 су стансасы, құрылған жұмыс орны 3020. Жергілікті атқарушы органдардың 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаржыны игеруі 60,0 млрд. теңгені құрайды немесе 100%.
2016 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде 75 миллиард теңге соманы құрайтын 99 жоба іріктелген.2016 жылдан бастап жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысын және қайта құрылымдауды несиелендіру – мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі енгізілді.
Мемлекеттік емес қаржылық институттардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қайта қаржыландырылуымен іске асырылатын инвестициялық жобаларға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін несиелендірудің негізгі мақсаты, салынған инвестициялардың өтемділігіне қолдау көрсету және коммуналдық қызмет тарифтерін жұмсартуға әсер ету. Бекітілген несиелендірудің сомасы 14,5 миллиард теңгені құрайды.
Алдын-ала белгілі болған мәлімет бойынша, «Су Ресурстары-Маркетингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу, қайта құрылымдау және жаңғырту бойынша шараларды іске асыруының қорытындысына сәйкес су құбырлары жүйесінің тозуы 39,5 пайыздан 36,5 пайызға, канализациялық жүйенің тозуы 55,6%-дан 52,5%-ға дейін төмендеп, сумен жабдықтау жүйесіндегі нақты жоғалу 17,03 пайыздан 15,56 пайызға дейін төмендейді және сумен жабдықтау жүйесіндегі апаттың саны 100 шақырымға 380 бірліктен 352-ге дейін, су бұру жүйесіндегі апаттың саны 100 шақырымға есептегенде 440 бірліктен 417 бірлікке дейін азаяды.
“Жылуды есептегіш аспаптардың ерекшелігі тұтынушылар жұмсалған шығындар бойынша емес, нақты пайдаланылған энергия көлеміне сәйкес төлейтіндіктен, жылу энергиясының шығыны азайып, аталмыш есептеу құрылғысы жылумен жабдықтаудың сапасын жақсартумен қатар жоғалуын төмендетуге оң әсірін тигізетіндігін ескерген жөн. Бұдан бөлек, әрбір көп пәтерлі тұрғын үйге жылу есептегіш аспаптарды орнату қажеттілігі Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» Заңында анық жазылған”, - деді С.Чайжунусов.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды