- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Ақтөбе облысында тоқтап тұрған кәсіпорындарды тездетіп іске қосу қажет
Б.Сапарбаев: Ақтөбе облысында тоқтап тұрған кәсіпорындарды тездетіп іске қосу қажет
Естеріңізге сала кетейік, осы аптада облыс әкімі жағдаймен танысу үшін тоқтап тұрған кәсіпорындарды аралаған болатын.
Бүгінде Ақтөбе облысында 11 нысан тоқтап тұр. Олар химия өнімдері мен мотор жағармайын, құрылыс материалдары, темірбетон және трикотаж өнімдерін шығаратын өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы техникаларын жинайтын, т.б. кәсіпорындар. Олар, негізінен, айналым қаражатының болмауы, жабдықтарының тозығы жетуі немесе өнім жеткізуде кедергілерге тап болуы, т.б. себептерге бацланысты тоқтап қалған кәсіпорындар.
Аймақ басшысы тоқтап тұрған кәсіпорындарға қазіргі қиындықтарды шешуге жергілікті билік көмектескен жағдайда, өз өнімдерін шығаруға, тиімді экономикалық қызметін жалғастыруға мүмкіндік барын жеткізді. Облыс әкімі құзырлы органдарға шешімін табуы тиіс мәселелерді анықтау үшін әрбір кәсіпорындағы жағдаймен жеке-дара танысып шығу жөнінде тапсырма берді.
“Бұл жағдайда мемлекеттік қолдау шараларының барлық мүмкіндіктерін пайдалану керек. Олардың жұмыс жасағылары келеді, тек көмектесу керек, соның ішінде өнімдерін өткізу жағынан да қолдау көрсету қажет. Импорт алмастыру және мемлекеттік сатып алуда отандық өнімнің үлесін арттыру аясында өнімді өткізуге көмектесуге болады”, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Айта кетейік, жыл басталғалы тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлерін сатып алудағы қазақстандық үлесті арттыру мақсатында қолға алынып жатқан шаралар күшейтілуде. Жергілікті үлеске мониторинг жүргізу және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында құрамына мемлекеттік органдар, аймақтық кәсіпкерлер палатасы, прокуратура, техникалық реттеу және метрология департаменті, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес құрылымдарының өкілдері кіретін комиссия құрылды.
Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Ақтөбе облысының кәсіпорындарына елдің және аймақтың ірі компанияларының өкілдері үшін өндірістік тур ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының ірі кәсіпорындар айналасында шағын және орта өндіріс орындары белдеуін дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында 2016-2018 жылдарға есептелген облыс әкімдігі, «Атамекен» АКП және ірі кәсіпорындар арасында шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде серіктестік бағдарламасы әзірленді. Құжаттың негізгі мақсаты - ірі кәсіпорындардағы сатып алуларда жергілікті үлесті арттыру, жаңа импорт алмастыратын өндіріс орындарын ашу.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет