• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте Қазақстанның ЮНИСЕФ-пен бала құқығын қорғау жөніндегі ынтымақтастық мәлімдемесіне қол қойылды

Мәжілісте Қазақстанның ЮНИСЕФ-пен бала құқығын қорғау жөніндегі ынтымақтастық мәлімдемесіне қол қойылды

8 Сәуір, 2016 15:14
Мәжілісте ҚР бала құқықтары жөніндегі әкілі, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Юри Оксамитный бала құқығын қорғау жөніндегі ынтымақтастық мәлімдемесіне қол қойды.

Бүгiн Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау жөнiндегi омбудсмен институты жұмысын бастады. Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары жөнiндегi уәкiл, Мәжiлiс депутаты Зағипа Бәлиева мәлiмдедi. «Президент Жарлығымен Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау жөнiндегi омбудсмен институты ашылды. Мен осы қызметке тағайындалдым. Бүгiнгi күннен бастап бiздiң кеңсе ресми түрде жұмысын бастады. Бiз елiмiзде балалардың құқықтарын қорғау туралы мәселелердiң барлығын мемлекеттiк органдармен бiрiгiп қарастырамыз. Бүгiнгi таңда қоғамда туындайтын барлық проблемаларды бiз ЮНИСЕФ-пен де бiрiгiп шешетiн боламыз. Менiң мiндетiм – елiмiздегi балалардың құқығын қорғау», - дедi Зағипа Бәлиева.+

Атап өтсек, бүгiн Мәжiлiс үйiнде Қазақстандағы бала құқықтары жөнiндегi уәкiл, Мәжiлiс депутаты Халықаралық iстер, Қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң мүшесi Зағипа Бәлиева мен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының  (ЮНИСЕФ) өкiлi Юрий Оксамитный арасында Ниет туралы меморандум жасалды. Екi тарап құжатқа қол қойды.+

ҚР балар құқығы жөніндегі уәкілдің хабарлауынша, оның міндетіне барлық балаларды омбудсменмен еркін байланысуды қамтамасыз етіп, олардың проблемаларын тыңдап, туындаған мәселенің шешілуіне ықпал ету.

Сонымен қатар, мүдделі азаматтар кез-келген уақытта хабарласа алатын сенім телефоны жұмыс істейтін болады.

«Қазір кеңсенің техникалық бөлігі жабдықталуда. Менің телефоным мен балалар үшін сенім телефоны қол жетімді болады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде де бала құқығына байланысты тек қана балалар емес, ата-аналар, ұстаздар, дәрігерлер тағы басқа да біздің көмегіміз қажет болған азаматтар үшін арнайы парақшам да іске қосылады. Сұрақтарына жауап беруге, кеңес беруге дайынбыз. Біз өте кең ауқымда жұмыс істейтін боламыз. Айталық, баланың туған кезінен бастап, құжаттарын рәсімдеу, сапалы медициналық қызмет көрсету, мектепке дейінгі мекемемен қамтамасыз ету, білім беру үрдісі, балалардың бос уақыты мен демалысы, қосымша білім алуы сияқты кезеңдердің бәрін қадағалайтын боламыз»,-деп түсіндірді З.Балиева.

Бұлармен қатар, тәжірибе алмасу ынтымақтастығы, ақпараттар, бірлесіп конференциялар мен жиналыстар өткізуге де атсалысамыз. Сонымен қоса, бұл бала құқығы жөніндегі тәуелсіз институттардың халықаралық стандарттарға сәйкес  болуын және тәжірибе  тұрғысынан қызметінің алға жылжуы мен нығаюына сеп болады.

Өз кезегінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Юри Оксамитный Қазақстан үшін аталмыш өзара әрекет ету дұрыс әрі заманауи қадам, деп атап өтті.

«Бала құқығы жөніндегі уәкілеттілік ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. Бұл толық қанды Республиканың ұлттық басымдылығы және халықаралық міндеттемелерге жауап беретін дәл уақытында қолға алынған маңызды шешім»,-деді ол.

Ю.Оксамитныйдың айтуынша, бұл құжатта өзара әрекеттесуде нақты басымдықтар айқындалған.  

«Менің ойымша, жақын уақытта біз жұмыс жоспарын бірге жасайтын боламыз. Біз үшін бірлескен қызметімізді дамытуға мүдделі барлық серіктестеріміздің ойларын білу өте маңызды. Біз бірге басым бағыттардағы мәселелердің тиімді шешілуіне мүмкіндік беретін маңызды құрылым жасаймыз»,-деді ол.

 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар