Мәжіліс ҚҚДБ-мен офистер құру келісім ратификациясын қарайды

8 Сәуір, 2016 15:19
Бүгін Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Онда депутаттар талқысына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылмақ.

Бұл келісімге 2016 жылдың 21-қаңтарында Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік Экономикалық форум аясында қол қойылған.

Жаңа келісім Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы барлық офистері мен қызметкерлерінің мақсаттарын, мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін айқындайды.

Сонымен қатар, жалпы отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының  депутаттық тобын тіркеу мәселесі қаралмақ.

 

Барлық жаңалықтар