«Karaganda Invest 2016» инвестициялық форумына 500 адам қатысады

9 Сәуір, 2016 10:03
27 сәуір күні Қарағандыда «Karaganda Invest 2016» атты IV халықаралық инвестициялық форум болып өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

 Karaganda Invest 2016» форумы бизнес пен мемлекеттік тиімді диалогының алаңына айналады. Шараның аясында «Қарағанды облысында жасалған» атты инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылады. Пленарлық отырыс, «Жерді пайдалану және энергетика: Дәстүрлі салаларға жаңа көзқарас», «Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін іске асыру» және «Қарағанды облысы - инвестициялардың жаңа көкжиектері»атты үш панельдік секцияларды өткізу жоспарланып отыр. Меморандумдар мен келісімдерге қол қою күтілуде.

Сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесін өткізу жоспарланған. Бұдан басқа, форумда жекешелендіруге қойылған аймақтық компаниялар мен кәсіпорындар туралы ақпарат алуға болады.

Форум алаңында бизнес, мемлекеттік басқару органдары, ұлттық компаниялардың өкілдері, әлеуетті инвесторлар жиналады. 500-ден астам қатысушы болатыны күтіліп отыр.

Форумның ұйымдастырушылары ретінде Қарағанды облысының әкімдігі мен «Сары-Арқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік бірлестігі шықты.

 

 

 

Барлық жаңалықтар