ШҚО әкімі әлеуметтік маңыздағы 229 нысанды жөндеу туралы шешім қабылдады

8 Сәуір, 2016 18:37
Биылғы жылы «Жаңару» аймақтық бағдарламасы шеңберінде облыста 149 білім беру және және 76 медициналық мекеме нысандарын жөндеуден өткізуді жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бұл туралы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімі Даниал Ахметов хабарлады.

"Мысалы, Аягөз және Тарбағатай аудандарында 18 мектептен жөнделеді. Осылайша, 150 мектепті жөндеу жұмыстарымен қамтимыз. Меніңше, біз облыстың білім беру нысандарының жағдайын жақсарту бойынша тапсырманы аз уақытта шешеміз", - деді аймақ басшысы.

«Жаңару» аймақтық бағдарламасы шеңберінде 3,1 млрд. теңгеге  әлеуметтік маңыздағы 229 нысанды жөндеу жоспарлануда. Бұл қаржының 2,2 млрд. теңгесі 149 мектеп, 5 колледж, 3 басқа да білім беру нысандарын жөндеуге жұмсалмақ. 772 млн. теңгеге 76 денсаулық сақтау нысанын, оның ішінде 57 дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер. Сондай-ақ, 15 аурухана мен 3 емхана.

Сонымен қатар, медициналық мекемелер үшін 100 мамандандырылған автокөлік сатып алынады. Жаңа автокөлік пен денсаулық сақтау нысандарын бюджеттік емес қаражат есебінен жабдықталмақ.

Айта кету керек, жөнделетін нысандардың 80%-ы ауылдық жерлерде орналасқан.

 

 

Барлық жаңалықтар