- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар қылмыстық-атқару кодекстерін қолдану мәселелерін қарады
Сенаторлар қылмыстық-атқару кодекстерін қолдану мәселелерін қарады
Онда жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерін қолдану мәселелері қаралды. Отырысқа облыс басшылығы, Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Меркель, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары С. Әбіш, ішкі істер министрінің орынбасары Р.Жақыпов, әділет министрінің орынбасары З.Баймолдина, басқа мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік әріптестер ретінде IRZ жобаларының менеджері А.Вуккерт пен Дрезден қаласының прокуроры К.Шрайттер-Скворцова қатысты.
Отырысты аша келіп комитет төрағасы Серік Ақылбай 2014 жылы қабылданған жаңа кодекстер жеке адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейту, әділетті сот өндірісі мен құқықтық жауаптылық шараларын қамтамасыз ету мақсатында әзірленгенін атап өтті.
Жаңадан қабылданған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстермен қылмыстық жазаны тағайындау барысындағы қадамдар өзгертілді, бітістіру рәсімдері, жолын кесудің балама шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылды, қылмыстық істі қозғау сатысынан бастап адам құқықтарын қорғау процесінде өскелең тетіктер енгізілді. Жаңа Қылмыстық-атқару кодексімен сотталғандарды түзелу дәрежесіне байланысты ұстау жағдайын нақты жіктеу белгіленді.
Сотталғандардың негізгі құқықтары мен мекеме әкімшілігінің міндеттері алғаш рет кодекс деңгейінде бекітілді. С.Ақылбай басталған реформалардың іс жүзінде дұрыстығын атап өтті. Жаңарған қылмыстық заңнама жағдайында тергеу және сот органдарына ауыртпалықты елеулі түрде азайтатын, процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа құқықтық және процестік институттар нәтижелі жұмыс істеп келеді.
Тұтас алғанда, қабылданған өзгерістер демократиялық, құқықтық мемлекеттер сипаттарына жауап беретін қылмыстық жүйені қалыптастыруға бағытталған, деп атап өтті сенатор. Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель, ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, облыстық соттың, прокуратураның, Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің басшылығы баяндама жасады.
Отырыс барысында қылмыстық сот өндірісі, процестік келісім, бес буынды сот жүйесінен үш буынға көшу аясында және басқа да мәселелер жөніндегі тергеу судьясының, процестің прокурордың рөлін талқылауға ерекше назар аударылды. Сөз алғандар сондай-ақ талқыланған салалар бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.
Жаңадан енгізілген жаңалықтарды бірлесе талқылау құқық қорғау тәжірибесінде жинақталған нәтижелерді шынайы талдауға, қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындауға, сотқа дейінгі өндірісті оңтайландыруға, оның құқық қорғау әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
«Халық үні» жобасы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысады -
Мәжіліс отырысы: әншілердің фонограмма қолдануына шектеу қоятын Заң жобасы мақұлданды -
Геннадий Шиповских: Жолдау халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған -
Үкімет еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қарады -
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады -
Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқарады -
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерді талқылайды -
Сенаторлар мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады -
Мәжiлiс депутаттары митинг жөніндегі заң жобасына сенаторлар енгiзген түзетулерді қолдап дауыс берді