- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінің үздік мергендерін іріктеу өткізілді (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінің үздік мергендерін іріктеу өткізілді (ФОТО)
5 команданың әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік даярлықтарын көрсетті.
«Қазір бізде мерген биатлоны бойынша іріктеу жүргізілуде. Бұл сайыстар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында өткізіліп жатыр. Ең үздік мергендер келді. Әр байқау сайын біз жауынгерлік даярлығымызды арттырудамыз, дене сымбатымыз жақсы қалыпта екенін сезінудеміз. Мұндай жарыстар неғұрлым көп болса, соғұрлым әскеріміз мықты болмақ», - деді 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Нұрсұлтан Сәбит. Іріктеу үш кезеңде өтті.
Онда әскери қызметшілер сынығы бар қабырғадағы кедергілерді бұзып өтті, Макаров тапаншасынан, Драгуновтың мерген винтовкасынан оқ атты, Ф-1 оқу-жауынгерлік гранаталар лақтырды, сондай-ақ оқ-дәрілері бар жәшіктерді алып жүрді. Мергеннің дене сымбаты жақсы болуы абзал. Себебі, оған қалыпты керек-жарақтан басқа, анағұрлым ауыр қаруды артып жүруге тура келетінін айта кетейік.
Сәуірдің 11-і мен 15-і аралығында Қазақстанның оңтүстігінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері арасындағы байқауға әрі қарай қатысатын 8 әскери қызметші іріктеуден өтті. Олардың арасынан Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысына үздік мергендерді таңдап алады. Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау Қазақстанның аумағында алғаш рет өткізілгелі отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары