- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Қарулы Күштері жаңа тікұшақпен толықты (ФОТО)
Қазақстанның Қарулы Күштері жаңа тікұшақпен толықты (ФОТО)
Бұл ақысыз негіздегі әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде жеткізілетін үшінші тікұшақ. Тікұшақтан басқа, сондай-ақ қосалқы бөліктер, агрегаттар, жинақтаушы және шығыс материалдары жеткізілді.
«Хьюи» тікұшақтары әртүрлі оқу-жаттығуларда, оның ішінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальоны мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының іс-қимылдары пысықталатын «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларда кеңінен қолданылады.
Бұдан бұрын 2006-2007 жылдары қазақстандық ұшу және инженерлік-техникалық құрамы аталмыш тікұшақта теориялық және практикалық қайта жаттаудың толық курсынан өтті.
«Бұл тікұшақтар қарапайым және күрделі метеожағдайларда, күндіз-түні, жыл бойы пайдаланылады. Пайдалану кезеңінде қандай да бір істен шығу болған емес, техника сенімді», - деп ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев атап өтті.
UH-1H-II тікұшағы – бұл десантты (12 адамға дейін) және әртүрлі жүктерді тасымалдау, іздестіру-құтқару жұмыстарын (оның ішінде жүкшығырмен) орындау, әуеден барлау, жаралыларды көшіру үшін арналған Bell компаниясының жеңіл көп нысаналы әскери-көліктік тікұшағы болып табылады. Оның 1 800 жылқының күшіндей қуаттылығы бар. Т-53-L-703 бір қозғалтқышпен жабдықталған, сондай-ақ навигациялық және радиоэлектрондық қондырғының кешенімен жабдықталған. Барынша салмағы – 4 762 келі, барынша жылдамдығы – 240 км/с.
Авиациялық парктің кезекті тікұшақпен толықтырылуы армиялық авиация бөлімшелерінің тапсырмаларды орындау мүмкіншіліктерін арттыруға мүмкіндік беретінін айта кетейік.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр