ҚР-да «А» корпусына іріктеудің ережесі өзгереді – Ғ. Абдрахимов

19 Қараша, 2013 16:45
Қазақстанда «А» корпусының мемлекеттік қызметкерлерін іріктеу заңнамасына өзгертулер енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ғабидолла Абдрахимов мәлімдеді.

«ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша «А» корпусына мемлекеттік қызметтерді іріктеу ережесіне өзгертулер енгізілді. Жақында олар Мемлекет басшысының назарына жіберіледі, ол қабылданса өзге ережелер бойынша үміткерлер іріктелетін болады», - деді Ғ. Абдрахимов.

Оның ақпаратынша, «А» корпусына қабылдау бойынша 15 өзгерту енгізілген.

«Демек, біз лауазымдарға тереңінен үңілетін болдық. Жауапты хатшы, комитет төрағасы сынды лауазымдар , Әкімшілік секторлардың меңгерушісі, Премьер-Министрдің  канцелярия  бөлімінің  меңгерушісі сынды қызметтегілерге үлкен жауапкершілік артылады. Бұларға байланысты арнайы біліктілік талаптары өзгереді», - деді Ғ. Абдрахимов. 

Барлық жаңалықтар