• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысы қытайлық кәсіпкерлердің өндірістік тәжірибесін игеруде (ФОТО)

Жамбыл облысы қытайлық кәсіпкерлердің өндірістік тәжірибесін игеруде (ФОТО)

9 Сәуір, 2016 14:32
Жамбыл облысының аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев бастаған делегациясы ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің бірқатар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарында болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жамбылдықтар ауыл шаруашылығы аймақтары мен базалары, «Ланьшань-Тунхэ» жоғары технологиялар өнеркәсіп паркі, «Юнхуа» биотехнологиялық компаниясының, Цзюшэнхэ» тұқым индустриясы компаниясының, ҚХР-дағы «Ихай цзяли» ұн және майлы дақылдар өндірісі жөніндегі ірі компаниясының чанцзи филилаының, Шыңжаң медициналық университеті жанындағы №1 аурухана филиалының, сондай-ақ әлемдегі ірі ТВЕА электр-техникадық корпорациясының штаб-пәтерімен және зауыты қызметімен танысты.

Қытай шенеуніктерімен және кәсіпкерлерімен кездесулер барысында К.Көкірекбаев ҚР-ның Жамбыл облысы мен ҚХР-дың ШҰАӨ Чанцзи-Хуэй автономиялық округі арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту сұрақтары, сондай-ақ Жамбыл облысы жағдайында Чанцзи ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тәжірибесін қолдану туралы пікір алмасты.  

Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары бар.

 «Біз Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін білеміз, Сиань ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне үнемі қатысып жүрміз. Бүгін біз ШҰАӨ Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің жылыжай шаруашылығын каралап көрдік. Бізді мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу тәжірибесі, ең алдымен қызанақ өсіру тәжірибесі қатты қызықтырды. Біз жылына 70-80 мың тоннадай томат өсіреміз, сондықтан да біз осы өнімдерді өңдейтін зауыттар мен цехтар құруымыз қажет», - деді Жамбыл облысы әкімінің оынбасары Абдалы Нұралиев.

  Бұл іс-сапардың мақсаты – Тараз және Чанцзи  қалаларының  арасындағы достық байланыстарды нығайту. Жамбыл облысы мен Чанцзи-Хуэй автономды округі арасындағы бауырластық байланыс орнату.

Барлық жаңалықтар